Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ ПРОБЛЕМАЛАР

c 10:20, 15/11/2021 c 994

0:00 / 0:00

Қазақстан қаржыгерлерінің IX конгресінде қаржы нарығындағы проблемалар, даму жолдары талқыланды. Жиында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаржыгерлерге жолдаған үндеуі көрсетілді. Бұл жиын ұлттық валюта күні және Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында өтіп отыр. Мұның символдық мәні зор. Өйткені төл теңгеміз – елдігіміз бен егемендігіміздің шынайы бейнесі, - деді Президент.Өз сөзінде Тоқаев, елдегі банктер экономиканы қалпына келтіруде басты рөлді атқаруы керек деді. Қаржыгерлердің пікірінше, үкімет пен бизнестің басты проблемасы- банктерден арзан кредит күтеді. Ал ол болмаған жағдайда үкімет несиелендіру барысына араласады. Нәтижесінде арзан несие тиімсіз компанияларға кетіп жатады.

Қазақстанның қаржы саласы өңірдегі ең озық жүйе саналады. Бүгінде оның жиынтық активі 35 трлн теңгеден асады. Бұл еліміздің ішкі жалпы өнімінің тең жартысынан көп деді Президент. Дегенмен, елдегі несиелендіру жүйесі көңілден шықпай отыр. Қаржыгерлердің пікірінше, корпоративті сектор қарызға белшеден батқан, жаңа бизнес түрі жоқ. Бизнес әлі де болса мемлекетпен бақыланады. Дағдарыс орын алған жағдайда, мемлекет қолдауына зәру болып жатады. Тіпті, қымбат несие беріп, халықтың қалтасын қағып отырған екінші деңгейлі банктердің өзі қазына қаржысынан дәмеленіп отырады. Ал әлемді жайлаған қауіпті індеттің салдары экономикаға кері әсерін тигізді. Шикізат, сауда және қаржы салаларындағы ахуал мәз емес. Осындай жағдайда қаржы саласын одан әрі дамыту – мемлекеттің басым бағыттарының бірі дейді мемлекет басшысы. Елдегі банктер экономиканы қалпына келтіруде басты рөлді атқаруы керек деді Тоқаев.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ – ҚР ПРЕЗИДЕНТІ «Мемлекет қиын кезеңдерде отандық қаржы секторын үнемі қолдады. Соның арқасында бүгінде банктердің жұмысы тұрақты әрі экономиканы несиелендіретін әлеуеті жоғары. Сондықтан олар экономиканы жылдам қалпына келтіруде және оны одан әрі әртараптандыруда негізгі рөл атқаруға міндетті»

Форум барысында Қаржы нарығын реттеу үшін құрылған агенттіктің төрағасы Мәдина Әбілқасымова төлем жасауға қабілетсіз банктерден және проблемалық кредиттерден тазарту жұмыстары жүріп жатқанын айтты. Соңғы екі жылда нарықтан 5 банк кеткен. 2017 жылдан бастап 8 банктің лицензиясы қайтарып алынды, 3 ірі банк шоғырландырылды. Жалпы алғанда, 2017-2021 жылдары 6,6 трлн теңге сомадағы кредиттер есептен шығарылды. Президент қор нарығын еске салды. Азаматтарға зейнетақы қорындағы қаражатын пайдалануға рұқсат берілгенде, көбісі оны баспана сатып аылуға қолданды. Ал қаржыгерлер қор нарығына қатысып, капиталды көбейтуді ойлау керек деген кеңес береді. Мысалы, АҚШ азаматтары компаниялардың акциясын сатып алуды бірінші орынға қояды. Кез-келген қарапайым азаматтың бірнеше компанияда акциялары барына күмән жоқ. Ал Қазақстанда бұл сала дамымаған. Қаржылық сауаттылықтың жоғы немесе азаматтардың сатып алған акциялары күйіп кетеді деген күмәні себеп болып отыр.Сондықтан Тоқаев акция сатып алудың пайдасы барын тағы да атап өтті.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ – ҚР ПРЕЗИДЕНТІ «Отандық қор нарығын, соның ішінде экономиканы қаржыландырудың тағы бір маңызды көзіне айналуы қажет «Астана» халықаралық қаржы орталығын белсенді дамыту керек . Қазіргі кезеңде жаһандық қаржы институттарының қарқынды дамуына, көрсетілетін қаржылық қызметтерді барынша цифрландыруға байланысты міндеттерді де ескеру қажет».

Экономистердің пікірінше, қор нарығы халыққа пайда әкеліп ғана қоймай, бизнес үшін банктік кредиттердің баламасына айналар еді. Мысалы, бізде кәсіпкер өз ісін дамытқысы келсе, банктен пайызы шарықтаған несие алып, қарызға батады.Ал дамыған елдерде мұндай іске кәсіпкер акцияларын қолданады. Осылайша, бәсекелес пайда болады да, банктер несие мөлшерлемесін төмендетуге мәжбүр болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.