Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАРМЕТТІҢ ТАҒДЫРЫ НЕ БОЛМАҚ?

c 14:36, 29/12/2023 c 76

0:00 / 0:00

Өздеріңізге мәлім 15 жыл бойы Қарағанды шахталарын пайдаланып келген миллиардер Лакшми Митталға қазақ үкіметінің сенімі жоғалды. Себебі, шахталарда апаттар жиі орын алып, қайғылы жағдайға ұласып кетті. Лакшми иелік еткен жылдары кеншілер өңіріндегі апаттардан 194 шахтер қаза болды. Жұмысшылардың қауіпсіздігіне қатысты мәселе туындап, ақыры үнді олигархымен Қазақстан билігі ынтымақтастықты тоқтатты. Қарағандының шахталары отандық олигарх Андрей Лаврентьевтің қолына өткені мәлім. Лаврентьев Лакшмиден «Қарметті» 286 млн долларға сатып алды. Алайда, сарапшылар тарапынан өндірісте өзін көрсетпеген Андрей Лаврентьев ірі кәсіпорынды құлдыратып алмай ма деген пікірлер айтылуда. Бұл сұрақты Сенат төрағасына қойған едік. Сенатор аталған инвестордың атқарып жатқан жұмысын үнемі бақылауда ұстау керек дейді.

Жақында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қарметтің» жаңа иесіне қатал талап қойылатынын айтқанды. Ал бүгін Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Qarmet» компаниясының қызметі бойынша жұмыс тобының отырысын өткізді деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі. Кәсіпорын қызметін тұрақтандыруға 28,6 млрд теңге жеке инвестиция тартылды. Еңбекақы уақытылы беріліп, салық төлемдері, сондай-ақ МӘМС төлемдері жүргізілді. Отырыс барысында комбинатты қажетті шикізатпен қамтамасыз ету, дайын өнім экспортын қолдау шараларын қамтамасыз ету, салық салу, анықталған экологиялық бұзушылықтарды жою және басқа да бірқатар мәселе талқыланды. Есік қағып тұрған жылы Qarmet жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, өндіріс көлемін ұлғайтып, жаңа инвестициялық келісімшарттар жасап, өнімсіз шығындарды азайтуы керек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.