Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Кардио корпустың жобалауы талқыланды

c 18:22, 11/11/2019 c 542

0:00 / 0:00

Орал қаласында жаңадан салынатын кардио орталықтың ғимараты жобалануда. Аталмыш орталық қалалық көпбейінді аурухананың ауласында бой түземек. Қазіргі таңда сала мамандары "ВIM" технологиясы бойынша жобалау жұмыстарын қолға алып, замануи техниканың көмегімен жобаның кем-кетігін анықтауда.

Құрылысшылар, облыс әкімі мен дәрігерлер бірлесе отырып, жаңадан салынатын кардио корпусты қарап шықты. Мамандар "ВIM" бағдарламасының көмегімен жобалау барысында жаңа нысанның кем-кетігін анықтай алады.

Құрылысшылар жаңа нысанның бірінші қабатында науқастарға шұғыл көмек көрсетуге арналған ота бөлмесі мен ангеграф болатынын айтады. Осы тұста дәрігерлер азаматтарға шұғыл көмек көрсету үшін бір құрылғының аздық ететін айтып, үш ангеграф керек,- дейді.

Қалалық көпбейінді аурухананың жанында салынатын ғимарат 160 орынға арналған. Оның құрылысы келесі жылы басталмақ. Сала мамандары құрылыс жұмыстары бір жылға жоспарланып отыр, 2021 жылы жоспар бойынша жаңа нысанды пайдалануға берілетінін айтады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.