Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУЛЕР КҮШЕЙТІЛДІ

c 08:57, 14/01/2022 c 1619

0:00 / 0:00

Ел астанасында карантиндік шектеулер күшейтілді. Бас қалада эпидемиологиялық ахуал нашарлады. Қауіпті індетті жұқтырушылар саны тәулігіне үш мыңнан асып жығылды. Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік бас санитарының жаңа қаулысы шықты. Қаулыға сәйкес, мектеп оқушылары, жоғарғы оқу орындарының студенттері онлайн форматта оқытылатын болды. Мемлеекттік органдардың, ұлттық комапниялар мен өзге де ұжымдардың қызметкерлерінің 80 пайызы қашықтан жұмыс істеуге көшті.

Елде коронавирустың таралуы қайта күшейді. Қазір республиканың сегіз өңірі «қызыл» аймаққа кірді. Дәрігерлердің айтуынша, «Омикрон» штамы тез таралатындықтан, эпидахуал нашарлап кетті. COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы азаматтардың маска тақпай, әлеуметтік қашықтықты сақтамай, вакцинацияны ескермеуімен байланысты дейді мамандар.

Елордада бүгіннен бастап карантиндік шектеулер күшейтілді. Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, ашық ауада, үй ішінде отбасылық шаралар, сол сияқты бұқаралық іс-шаралар ұйымдастыруға тыйым салынады. Нұр-Сұлтанда тек «Ashyq» жобасына қатысатын нысандарда 30 адамға дейін еске алу шараларын ғана өткізуге рұқсат беріледі. Сондай-ақ, «Ashyq» жобасына қатысқанына қарамастан концерт залдарының, , театрлардың, кинотеатрлардың, цирктердің жұмысы тоқтатылады. Бұл тізімге мешіттер мен шіркеулер де кіреді. Сондай-ақ, жиындар өткізуге болмайды. Караоке, барлар мен түнгі клубтардың жұмысына шектеу қойылды. Ал қоғамдық тамақтану орындарына келушілер саны қысқартылады.

САРХАТ БЕЙСЕНОВА – ҚАЛАНЫҢ БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ «Қоғамдық тамақтану нысандарында бір үстелге отырушылар саны төрт адамнан аспауы керек. білім беру орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің, балаларды дамыту орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған түзету орталықтарының қызметі онлайн жұмыс форматына көшіріледі. Сонымен қатар, қашықтан жұмыс түріне ауыстырылады»

Осылайша, Нұр-Сұлтан қаласында ковидке қарсы вакцина алған, алмағанына қарамастан мемлекеттік органдардың ұлттық компаниялардың, кәсіпорындардың қыметкерлерінің 80 пайызы қашықтан жұмыс істеуге көшіп жатыр. Ал елде орын алған жаппай тәртіпсіздіктен соң қысқы каинкулы 17 қаңтарға дейін ұзартылған мектеп оқушылары, енді 31-і қаңтарға дейін онлайн оқитын болады. Жоғары оқу орындарының студенттері 6 ақпанға дейін қашықтан оқиды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.