0:00 / 0:00
2035 жылға қарай әлем халқының жартысынан көбі яғни 4 миллиардтан астамы артық салмақтан немесе семіздіктен зардап шегеді. Дүниежүзілік семіздікке қарсы федерацияның болдамы осындай. Ал Қазақстанның ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының мәліметінше, қазақстандықтардың 20%-дан астамы семіздікке шалдыққан. Семіздік физикалық және психологиялық жайсыздық туғызады, сонымен қатар қант диабеті, миокард инфарктісі, атеросклероз, гипертония және басқа аурулардың өршу қаупін арттырады. Мамандардың айтуныша, құрамында әртүрлі қоспалар бар арзан өңделген тағамдарды тұтыну, қанты көп сусындарды ішу, тез дайындалатын фастфудтарды жиі жеу семіздікке әкеп соғады. Денсаулық сақтау министрілігі соңғы бірнеше жылда елімізде артық салмақтан зардап шегетін балалардың саны артып келеді деп дабыл қағады.Бүгінгі таңда әрбір бесінші бала артық салмақтан зардап шегеді. Соңғы деректерге сәйкес, балалар арасындағы семіздік бүгінде алты пайызды көрсетіп отыр. Бұл көрсеткіш те өседі, өйткені ер адамдар семіздікке бейім болады. Бала есейген сайын семіздікпен қатар қант диабетіне, қан айналымы жүйесі ауруларына шалдығуы мүмкін. Сондқытан құрамында қант қоспалары көп сусындарға акциздерді өсіру кеерк деген ұсынысты лағ тартады денсаулық сақтау вице-министрі.
АЙЖАН ЕСМАҒАМБЕТОВА – ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ, БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕР «Қазіргі зерттеулерге қарағанда, семіздік пен қант диабетіне шалдығу көрсеткіші артып келе жатыр. Балалар арасында артық салмақ көп кездеседі. Яғни артық салмақ кейіннен созылмалы аурулардың пайда болуына алып келеді. Егер қателеспесем, 0,5 мл Coca-Cola құрамында 10 тәуліктік нормадағы қант бар. Бұдан басқа, қант басқа да өнімдердің құрамында бар. Денсаулық сақтау министрлігі бұл норманы өзі ойлап таппады, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тиісті ұсынысын жариялады. Көптеген елде осы акциздер енгізілген».
Осылайша денсаулық сақтау министрлігі темекіге енгізілгендей, құрамында қант мөлшері жоғары өнімдерге акциз салығын енгізуді жоспарлап отыр. Әрине бұл ұсыныс осы салада ісін жүргізіп отырған кәсіпкерлерге ұнай қоймас, бірақ халық денсаулығын қорғау басты мәселе дейді дәрігерлер. Сондай-ақ, вице-министр коронавирустан қорғану үшін вакцина салдырудың қажеттлігі жоқ деп отыр.
АЙЖАН ЕСМАҒАМБЕТОВА – ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ, БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕР "Короновирус туралы айтатын болсақ, қаңтарда айында 2,5 есеге өсті. Бізде омикрон түрі жүріп жатыр. Қазір төмендеу бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша қазір бүкіл халыққа коронавирустан вакцина салдыруға немесе ревакциянация жасауға қажеттілік жоқ. Тек халықтың осал топтарына, егде жастағы адамдарға егуге болады. Бірақ мұны да эпидемиологиялық жағдайға қарай әрбір ел өзі шешеді"
Есмағамбетованың айтуныша, қазір COVID-19-дан вакцина жоқ. Ол бізге керек те емес дейді ол. Егер эпидемиологиялық жағдай ушығып жатса, "OtarBioPharm" бір айда қажет дозасын шығара алады. Дегенмен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымына сәйкес, коронавирустан екпе алуға қажеттілік жоқ-деп тағы бір қайталады вице-министр.