Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАҢТАР ТРАГЕДИЯСЫНЫҢ САЛДАРЫ

c 22:50, 21/02/2022 c 442

0:00 / 0:00

Қаңтар трагедиясына қатысы бар деген 52 адам сотталды. Ведомствоаралық тергеу тобы арнайы прокурорлардың басшылығымен аталған санаттағы 91 істі тергеп жатыр. Оның ішінде лаңкестік бойынша 46, жаппай тәртіпсіздік бойынша 45 іс бар. Бұл істерді тергеу аясында соттың санкциясымен 469 адам қамауда отыр.
Қаралы қаңтар оқиғасының салдары жайында құқық қорғау орандарының апта сайын таратып жатқан мәліметтеріне сүйенсек, жазықтылар мен жазықсыздардың ара –жігін анықтау оңайға түсіп жатқан жоқ. Әлеуметтік желі бетін ашсаңыз, қаңтардағы шерулерде айыпсыздардың да жазаланып жатқаны жайында ақпар көп. Оның ішінде, себепкерлері де бары сөзсіз. Өкінішке орай, біз көріп отырған мәліметтерде тергеу кезіндегі азаптаулар көп орын алып отыр. Құқық қорғау органдары берген ресми мәліметтерде қаңтар көтерілісіндегі аса ауыр қылмысы үшін 52 адам сотталды.

2729 қылмыстық іс өндірісте. Мұнымен 500-ден аса ішкі істер органдарының қызметкерлері айналысуда. Өздеріңізге мәлім, елді дүр сілкіндірген қаңтар шерулеріне бейбіт жолмен шыққандар да бар. Өкінішке орай, бұл санаттағы азаматтар да күдікке ілініп, тергеуге тап болды. Жазықсыздарды арашалап алу үшін құрылған «Аманат» қоғамдық комиссиясы жүздеген адамды қорғап қалды. Бас прокуратураның мәліметінше, медомствоаралық тергеу тобы 91 істі тергеп жатыр. Оның ішінде лаңкестік бойынша 46, жаппай тәртіпсіздік бойынша 45 іс бар. Бұл істерді тергеу аясында соттың санкциясымен 469 адам қамауда отыр. Жеке басын, жасалған қылмыстағы рөлін ескере отырып, 128 күдіктіні қамауда ұстау, ешқайда кетпеу туралы қолхатқа кепілге және жеке кепілгерлікке ауыстырылды. Бұлтартпау шараларын қайта қарау жұмыстары жалғаспақ. Прокуратура қаңтар оқиғалары кезінде мәйітханадан мүрдені ұрлау фактілері бойынша мәлімет таратты. Прокурор күдікке ілініп отырған азаматқа қатысты белгілі спортшының әлеуметтік желідегі пікіріне тоқталды.

Құқық қорғау органдарымен 120 млн теңгеден астам сомаға бағаланатын ұрланған мүліктер табылған. Олар-автокөліктер, тұрмыс техникасы, ұялы телефондар және зергерлік бұйымдар. Бір мың бірлікті ұрланған қару табылды. Оның ішінде пистолеттер, автомат патрондары бар цинк жәшіктері, бронежилет, қалқан, тізеқорғағыштар түріндегі арнайы құралдар, 2 танкіге қарсы снаряд, тегіс ұңғылы қару, пневматикалық винтовкалар бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.