Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ҚАНТ БАҒАСЫ ЕЛДЕ ҮЛКЕН ДАУ ТУДЫРУЫ МҮМКІН»

c 19:15, 23/06/2022 c 1063

0:00 / 0:00

Қант бағасы осылай шарықтай беретін болса, елде үлкен дау-дамай тууы мүмкін дейді Мәжіліс депутаты Фахриддин Қаратаев. Мәжілісменнің айтуынша, қант тапшылығы мен қымбатшылығынан тек тұтынушылар ғана емес, кондитерлік өнім өндіріп отырған кәсіпкерлер де зардап шегуде. Отандық өнім өндіретін шағын кәсіпкерлер түгілі, ірі бизнес субьектілері де жабылып жатыр. Депутат үкіметтен кәсікерлерге жеңілдік жасауды сұрады. Алайда, бүгін өткен үкімет отырысынан соң, журналистерге сұқбат берген вице-премьер, сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов елде қант тапшылығы жоқ деп міз бақпады. Қант сырттан әкелініп жатқан соң қымбаттап отыр. Сондай-ақ бағаның шарықтауына көрші Ресейдегі шектеулер де әсер етуде. Көрші ел тауар жеткізуді шектегеннен кейін, логистика да қымбатқа түсті, доллар да, еуро да өсіп жатыр,-деп ақталды министр.

Жыр болған қант бағасын үкімет ұстай алмай отыр. Бүгінде тек қант ғана емес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қымбаттаған. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ағымдағы жылдың маусымдағы жағдайда елде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 20 пайызға қымбаттаған. Оның ішінде қант бағасы 61 пайызға қымбаттады. Ол аздай ақ алтынға айналған қантыңыз тапшы. Депутат Қаратаевтың айтуынша, республиканың қантқа жылдық қажеттілігі орта есеппен 550-600 мың тоннаны құрайды. Ай сайын орта есеппен 45 мың тонна қант тұтынады. Қазақстанда өндірілетін қанттың көлемі тұтынуға қажетінің 10 пайызын құрайды. Қалғаны сырттан әкелінеді. Қазір қанттың бағасы шарықтап келісі 600-900 теңге аралығында сатылып жатыр.

Тапшы болған қантты кез-келген дүкеннен сатып ала алмайсың дейді депутат. Белгілі бір сауда орындарында ғана сатылуда. Қант тапшылығы мен қымбатшылық салдарынан кондитерлік өнім өндіруші кәсіпкерліктер жабылып қалып жатыр. Бұл жағдай осылай жалағаса берсе, соңы үлкен дауға айналуы мүмкін деп алаңдайды мәжілісмен Қаратаев.

Депутаттар үкіметке жолдаған сауалында қант проблемасын шешу үшін кәсіпкерлерге жеңілдік жасау керек дейді. Қаратаевтың айтуынша, мемлекет тарапынан тарифтік жеңілдік бойынша 350 мың тоннаға дейін қолдау көрсетіп отыр. Дегенмен, шет елден қантты тасмалдайтын кәсіпкерлерге елге алып келетін мерзімі 4 ай деп белгіленген. Алайда ол өте аз мерзім. Өйткені әлемдегі экономикалық түрлі санцияларға байланысты барлық логистика бойынша порттар және тағы басқа транспорттар бос емес, оның үстіне еліміздегі банктер шет елмен жұмыс жасау үшін қаржы операцияларын ұзаққа созуда.

Үкімет қант мәселесін тезірек шешпесе, осы салада еңбек етіп жүрген 12 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.