Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

КАНДИДАТТАР АЙТЫСЫ

c 17:49, 04/11/2022 c 897

0:00 / 0:00

Өзін оппозициялық кандидат деп санайтын Нұрлан Әуесбаев Орталық сайлау комиссиясынан бәсекелестері арасында пікірсайыс өткізуді талап етті. ЖСДП Президенттіктен үміткер бұл талабын Facebook парақшасында жариялады. Сайлауалды бағдарламасын телефоннан оқитын кандидат өзіне қарсы шыққан кез-келген тұлғамен дебатта кездесуге дайын екені айтып, батылдық танытуда.

Сондай-ақ, Әуесбаев жақында өзін бетпе-бет кездесуге шақырған «Ауыл» партиясының кандидаты Жигули Дайрабаевқа жауап берді.

Еске сала кетейік, бұған дейін кандидат Нұрлан Әуесбаев «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев, Қазақстан Халқы партиясының жетекшісі Ермұхамет Ертісбаев және «Ауыл» партиясының үміткері Жигули Дайрабаев туралы сыни пікір айтқан еді. Оның бұл пікірі ауылдан шыққан кандидат Жигули Дайрабаевқа жақпай қалды. Үміткер бірден бәсекелесі Нұрлан Әуесбаевты бетпе-бет кездесуге шақырғанды.

Осылайша, сайлау жақындаған сайын халық әнші, биші, сүйек сындырғыш кандидаттардың ерсі қылықтарына қанық болып жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.