Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қала күні кеңінен тойланбақ

c 17:28, 29/08/2019 c 1375

0:00 / 0:00

Биыл қала күні дәстүрлі от шашусыз тойланбақ. Бұл туралы шаһар басшысының орынбасары Бақытжан Нарымбетов мәлімдеді. От шашудан үнемделген қаражат Зашаған кентінде орналасқан №5 қалалық кітапхананың жөнделуіне жұмсалған.

Биыл қала күні бір апта бойына тойланады. Мерекелік іс-шаралар үшінші қырқүйектен басталады. Оралдықтарға арналған мерекелік шаралар үшін бюджеттен 9 млн теңге қаражат бөлініпті. Сондай-ақ, шаһардың туған күнін ұйымдастыру үшін демеушілер де 9 млн теңгедей қаражат жинап берген.

Қала күнін тойлауда ерекшелік көп. Мәселен, биыл алғаш рет "Жайықтың би әлемі" атты облыстық сайыс ұйымдастырылмақ. Бишілердің өнерін 5-ші қыркүйекте амфитеатрдан тамашалауға болады. Сондай-ақ, оралдықтар мен шаһар қонақтары бір апта бойы түрлі мәдени кештер мен фестивальдарды тамашалай алады.

Негізгі мерекелік шара 7-қыркүйек күні  таңғы тоғыздан басталмақ. Абай атындағы арбаттан басталған шара Петр Атоян атындағы стадионда мерекелік концертпен қорытындыланады. Сондай-ақ, қала күнінде Исатай мен Махамбетке арналған ескерткіші ашылып, жөндеу көрген кітапхана қолданысқа берілмек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.