Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Қайсар" патриоттық ерлік лагеріне 5 жыл толды

c 00:00, 07/07/2015 c 948

0:00 / 0:00

Бұл мерейтойды демалыс орнындағы балалар жоғары деңгейде атап өтті. Осы мерекеге орай, "Атамекен" жазғы лагерінде көңілді шара ұйымдастырылып, көпшілік назарына қайсарлық ұландардың өнерлері ұсынылды. Кездесуге Орал қаласы әкімінің орынбасары Қайсар Манкараев пен білім бөлімінің басшысы Жансұлу Төремұратова арнайы қатысты. Патриоттық ерлікке баулитын қайсардың өзге лагерлерден ерекшелігі-бұнда жаз бойы балалар әскери темір тәртіппен жүріп, қайратты, рухты болуға машықтанады. Олардың мергендікке, өзін-өзі қорғау өнеріне үйренуіне және жоғарыға өрмелеуіне ұстаздары көмек береді. Өздерінің айтуынша, лагердің күн тәртібі көпшілігі үшін шыңдалуға жағдай жасап жатыр."Қайсар лагері" осыдан 5 жыл бұрын құрылған болатын. Жаңа демалыс орнының жұмысы Орал қалалық білім бөлімі басшысы Жансұлу Төремұратованың бастамасымен қолға алынды. Бұл орайда лагердің жұмысына қорғаныс істер бөлімі мен ауған соғысының ардагерлері де қолдау білдіріп, патриоттық ерлік лагерінің іргетасы қаланған еді. "Қайсар"- баламасы жоқ, тек БҚО-да құрылған жалғыз лагерь. Бұл жөнінде лагердің 5 жылдық мерейтойына келіп қатысқан өзге аймақтарда балалардың тәрбиесіне үлес қосып жүрген ардагер мамандар атап өтті. Шара соңында жас ұландар "Жеңіс" алаңындағы мәңгілік алау басына барып тағзым жасап, гүл шоқтарын қойды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.