Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жолың болсын, жолаушы!

c 17:49, 04/09 c 61

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстан облысының аумағындағы тас жолдардың бойында тазалықты сақтауға үлес қосып жүрген Қуаныш Тоқжанов тұрғындар жол жиегіне тастайтын тұрмыстық қалдықтардың көбейіп бара жатқанын айтады. Бұл өз кезегінде көліктердің қозғалысына кедергі келтіретін көрінеді. Қуаныш Тоқжанов бұл жағдай көліктердің қозғалысына кедергі келтіріп, жол қауіпсіздігіне де кері әсерін тигізуі мүмкін екенін ескертеді. Өйткені көлік иелері жолай керексіз қалдықтарды арнайы жәшіктерге салмай жолдың бойына тастап, лақтыра салуды әдетке айналдырған. Осының кесірінен экологияға келітін зиян орасан дейді. Шамамен бір тәулікте жол бойынан тоннаға жуық тұрмыстық қалдық жиналып, шөп шабылады екен. Қуаныш Тоғжановтың осы мекемеде жұмыс жасағанына 96 жылдан аса уақыт болған. Осы жылдар бойы ол өз қызметін мүлтіксіз атқарып келеді. Күн сайынғы қайталанатын жұмыс бір сарын болғанымен туған өлкенің тазалығына өлшеусіз үлес қосып келеді. Бүгінде отбасында үш бала тәрбилеп отырған кейіпкеріміз өз жұмысы ұнайтынын айтады. Әріптестері де ол туралы тек жағымды пікірде. Қазір республикалық және облыстық маңызы бар жолдардың тазалығы жыл он екі ай ұдайы қамтамасыз етіледі. Бірақ жүргізушілер де, жолаушылар да осыған мүдделі болса деген тілек бар. Өйткені қыста қар астында қалған қалдықтар жаз шығысымен көзге ұрады. Биылдыққа жыл басталғалы бері тас жол бойынан 2400 тоннаға жуық қоқыс жиналыпты. Мұның бәрі автокөліктен тасталған қалдықтар. Сондықтан жолдың бойын таза ұстау баршамызға ортақ міндет екенін естен шығармайық.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.