Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАЙРАТ САТЫБАЛДЫ КІНӘСІН МОЙЫНДАДЫ

c 23:44, 01/04 c 106

0:00 / 0:00

Бұған дейін алты жылға сотталған Назарбаевтың бауыры Қайрат Сатыбалдының тағы да басы дауға қалды. Ағасы ел басқарып тұрғанда Сатыбалдының қолы жүріп тұрды. 2018 жылы қазақстандық Forbes журналында 50 ең бай бизнесмендердің қатарында тұрды. Оның байлығы 163 миллион долларға бағаланды. Тіпті 35 жасында генерал болды. Діни жолындағы азаматтарды қолдауын да аңғардық. Алайда, қаралы қаңтар тарегдиясынан соң Қайраттың да басына қара бұлт төнді. Ол Дубайға қашып бара жатқан жерінде, 1,5 миллиард доллармен қолға түсті. Бұл 15 тонна ақша. Қайрат Сатыбалды бұған дейін «Қазақтелекомнан» 12,7 млрд теңге, «Көлік сервисі орталығынан» 28,6 млрд теңге жымқырған деп айыпталып, 6 жылға сотталғанды. Қазір ол жазасын өтеп жатыр. Ал бүгін өткен сотта Назарбаевтың бауыры 67 миллиард теңгені немесе 149 млн долларды жылыстатты деп айыпталып отыр.

ЕЛДАР НҰРМАХАНОВ - ПРОКУРОР «Қазақстан аумағындағы мүлік құны 34 миллиард 860 миллион теңгеден асып жығылады. Шетелдерде 32 миллиард 791 миллионнан асса, толық сомасы 67 миллиард 655 миллион 203 мың 758 теңгені құрайды»

Осылайша Сатыбалдыға тағы да "Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе)өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)") бойынша айып тағылып отыр. Өз кезегінде сотталушы өзіне тағылған айыпты толық мойындады. Тіпті Қайрат Сатыбалдыұлы айыптау актісінде көрсетілген сомаларға да келісті. Сондай-ақ, тергеу барысында алынған айғақтарды даулаудан да бас тартты.

Сатыбалдыұлының қорғаушысы кінәні мойындау туралы мәміле түріндегі процессуалдық келісім жасау және заңсыз алынған мүлікті қайтару туралы өтініш берді. Осыған байланысты сот процессуалдық келісім жасау туралы мәселені шешуге уақыт берді. Сот отырысы белгісіз мерзімге кейінге шегерілді. Ал Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет экс-президенттің немере інісі бұған дейінгі қылмысы үшін мемлекетке 732,8 млрд теңге қайтарылғанын мәлімдегенді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.