Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«JUSAN АКТИВТЕРІ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ»

c 09:38, 14/06/2023 c 124

0:00 / 0:00

Jusan активтері елге қайтарылды. Әділет министрі Азамат Есқараев Jusan тобы Қазақстан юрисдикциясына қайтарылғанын хабарлады. Бұл жайында ол Үкімет дәлізінде айтты.2021 жылы алдын ала жоспарлған іс-әрекеттің нәтижесінде Jusan тобы шетелдік юрисдикцияға шығарылған болатын. Оның құрамына Jusan Bank қана емес, телекоммуникация, ауыл шаруашылығы және басқа да салалар бойынша ірі активтер кіреді. Шетелдік юрисдикцияға шығарылған топқа Қазақстан үкіметі іс жүзінде бақылау жасай алмаған еді.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен сыртқа шығарылған активтерді қайтару жұмысы жүріп жатыр. Әділет министрлігі Jusan активтері елге қайтарылғанын хабарлап отыр. Енді аты шулы Jusan тобы Қазақстан заңнамасы бойынша үкімет пен басқа да мемлекеттік құрылымдардың бақылауында жұмыс істейтін болады. Оның құрамына Jusan Bank қана емес, телекоммуникация, ауыл шаруашылығы және басқа да салалар бойынша ірі активтер кіреді. Бұған дейін шетелдік юрисдикцияға шығарылған топқа Қазақстан үкіметі іс жүзінде бақылау жасай алмағанды.

Ашық ақпарат көздерінің мәліметінше, Jusan Bank қазақстандық білім беру ұйымдарын қаржыландыру керек болған. Алайда, қаңтар трагедиясынан соң «ескі Қазақстанның» өкілдері Jusan аквтитерін өз бақылауына алады. АТФ банк" мен "Цесна банкті" біріктіре отырып, Jusan Bank құрылады. Ал екінші деңгейлі банктерді қолдау деген сылтаумен бұл банкке мемлекеттен миллиард доллар бөлінген. Ұйым дарынды жастарды қолдау мәселесімен айналысуы керек болатын. Бірақ Қазақстан халқының қаржысына құрылған Jusan Bank аяқ астынан америкалық актив болып шыға келді. Қазақстандықтар қордың қамқоршылық кеңесінен шығарылды. Осылайша мемлекеттік субсидия жекелеген адамдардың қолында кете берді.

Кейбір деректерге сүйенсек, 2017 жылы бес триллион теңге банктерід сауықтыруға жұмсалған. Оның 1,5 триллионы сол кездегі «Цесна банк» қазіргі Жусанға бұйырды. Бұл жеңілдетілген займдар ғана емес, проблемалық несиелер болатын. Ал проблемалы несиелер 6-10 сеге қымбатқа сатып алынған. Осылайша, азңды бұзған кім? Акционерлер ме, әлде шенеуніктер ме ? Ал мемлекет ұзақ жылдар бойы жекелеген тұлғалардың баюы үшін айтылған ұйымды қаржыландырып отырған. Қоғам белсенділерінің айтуынша, мұның артында экс-Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен оның туыстары, жанына жақын адамдары тұр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.