0:00 / 0:00
Елімізде із-түссіз жоғалғандар сатистикасы артты. Ресми мәліметтері бойынша Қазақстана осы жылдың 9 айында 2075 адамға іздеу салынып, хабар-ошарсыз кеткен 1189 адам анықталды. Басқа негіздер бойынша 59 іс тоқтатылды. Дегенмен 801 адамды іздестіру жұмыстары әлі жалғасуда. Полицияның хабарлауныша, хабар-ошарсыз кеткендердің арасында кәмелетке толмаған жасөспірімдер де бар.
НҰРЛАН ТЕМІРБАЕВ – ҚР ІІМ КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ «Жасөспірімдер бойынша.Осы жылы хабар-ошарсыз жоғалған 186 кәмелетке толмаған жасөспірімге іздеу жарияланды. Оның 176-ы анықталды, 6-ы табылған жоқ. Биыл ішкі істер органдары кезекшілік тәулікте іздестіру ісін бастамай хабар-ошарсыз жоғалған 9148 адам іздестіріп, оның 8952-і табылды. Ал 196 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында»
Статистика көрестіп отырғандай, ер адамдар көп жоғалады. Маусымдық жұмыстарға, әртүрлі рейстерге, автокөлік әкелуге, жүктерді тасымалдауға кеткендер арасында жоғалғандар жиі кездеседі дейді полиция өкілі. Өкінішке орай әйелдер арасында көбіне спирттік ішімдікті асыра сілтейтіндерді іздестіру жұмыстары көп жүрегізіледі. Ал жеткіншектердің хабарсыз кетуіне отбасындағы жан-жал, ішімдікке салынған ата-ананың әрекеті себеп болуда.
ІІМ хабарлауынша, елімізде бір апта ішінде жалпы 2655 қылмыс жасалған.