Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕДІ

c 09:53, 30/11/2021 c 790

0:00 / 0:00

Қазақстанға құйылып жатқан шетелдік инвестиция көлемі 30 пайызға төмендеді.Бұған әлемді жайлаған қауіпті індеттің таралуы себеп болды дейді шенеуніктер. Бұл жайында Ұлттық экономика вице-министрі Әлішер Әбдіқадыров хабарлады.Пандемия кезінде Қазақстанда тікелей шетелдік инвестиция ағыны 30%-ға төмендеп, 17 миллиард АҚШ долларын құрады. Ал 2021 жылдың қорытындысы бойынша 20 млрд. АҚШ доллары көлемінде болды.
Қазақстанға инвестиция тарту мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Ал елге инвестиция құюды тартымды қылу үшін үкіметтің алдында қойған жүктемесі бар. Жыл сайын бюджеттен инвестиция таррту жұмыстарына қомақты қаржы бөлініп жатады. Алайда, соңғы жылдары инвестицияның құйылуы 30 пайызға қысқарып, 17 миллиард ақш долларын құрады. Бұл тәуелсіздік жылдарындағы ең төменгі көрсеткші болып отыр. Бұған шенеуніктер жаһандық саяси және экономикалық климаттың нашарлауы және коронавирустың жаппай таралуы себеп болды деп отыр.

Мұндай жағдай әлемнің барлық елдерінде байқалады дейді мамандар. Еуропаның дамыған елдеріне, Азияның дамушы елдеріне және өтпелі экономикасы бар елдерге инвестиция ағыны 35-45%-ға қысқарған. Қазақстанға соңғы он жылда 200 млрд ақш доллары көлемінде инвестиция құйылған екен.

Депутаттардың айтуынша, Қазақстанда шетел қаржысын тарту әлі күнге дейін шикізатқа бағытталған. Инвесторлар үшін біздің елден шикізатты өндіріп алып, өзімізге дайын өнімді сату тиімдірек болып тұр. Айта кету керек, елге келген инвесторларға көп жеңілдік жасалған. Қосымша құн салығы мен жер салығынан 5-10 жылға босатылған. Кейін оның уақыты өткен соң қосымша құн салығы 20 пайызды құрайтын болады. Инвестиция салуға теңізге шығатын елдер тартымды болып отыр. Бұл орайда Қазақстанның жолы болмады. Оған қоса, кез—келген инвестор сапалы инфрақұрылымды қажет етеді. Әзірге шикізат ғана ұсынып отырған Қазақстанға инвестиция тартудың басқа жолдарын іздеу қажет дейді Дүниежүзілік банк мамандары. Ол үшін мемлекеттік экономикадағы рөлін азайтып, жемқорлықты жойып, өндірісті дамыту қажет. Ел үкіметі 2025 жылға дейінгі жаңа инвестициялық саясатының тұжырымдамасын әзірлеп жатыр. Енді IT және қызметтер саласындағы жобаларға көбірек инвестициялар тартылмақ дейді шенеуніктер.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.