Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ИНТЕРНЕТ САПАСЫ НАШАРЛАДЫ

c 17:46, 02/11/2022 c 1210

0:00 / 0:00

Қазақстанда интернет сапасы нашарлады. Әлеуметтік желілер ашылмай, кейбір БАҚ-ң сайттары бұғатталып, жалпы интернет сапасына қатысты шағым көбейіп кетті. Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин бұған 29 қыркүйектегі кибер шабуыл әсер етіп отыр дейді. Өздеріңізге мәлім мемлекеттік техникалық қызмет Қазақстанның инфрақұрылымына жаппай шабуылдар тіркелгенін хабарлады. Бір айдың ішінде 20 млн-ға жуық кибер шабуылға тойтарыс берілді деп хабарлағанды аталмыш ұйым. Цифрлы Қазақстанды жасап жатқан министр Мусин сол кибер шабуылдардың салдарын толық жойғанша интернет сапасына қатысты ақаулар орын алып тұратын болады дейді.

Қазір мемлекеттік техникалық қызмет Қазақстанның барлық ресурстарын қорғауды қамтамасыз ету жұмысын жүрігізіп жатыр. Бұл тек мемлекеттік инфрақұрылымды ғана емес, бүкіл инфрақұрылымды қорғау үшін жасалады дейді министр. Алайда, еліміздің инфрақұрылымына кибер шабуылдар жасағандар кім, қай елден келген қауіп? Нақты қай органдарға кибер шабуыл жасалды? Қазір жаппай шабуылдар тоқтады ма? Бұл сұрақтарға министр жауап бере алмады.

Өзінің құзырына кірмейтін сұраққа жауап бере алмаған Мусин, жауапты ҰҚК-не қарасты ұйымнан алыңыздар деп жөн сілтеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.