Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ҒЫЛЫМҒА ҚАРЖЫ БӨЛІНГЕНІМЕН, НӘТИЖЕ ЖОҚ»

c 09:25, 25/08/2022 c 1043

0:00 / 0:00

Ғылым мен экономика, халықтың тұрмысы бір-бірімен ұштаспай қалды. Қазақстанда ғылымға қыруар қаржы бөлінгенімен, нәтиже жоқ. Ғылымның жетістіктері өміршеңді болмай отыр. Жоғары оқу орындарының мәселесі, адами капиталды дамыту, ғылымды өркендетуге арналған жиында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек осылай деп мәлімдеді. Енді жаңа министрлік университеттерде зерттеу жұмыстарын жүргізуді күшейтпек.

Жоғары оқу орындарының мәселесі, адами капиталды дамыту, ғылымды өркендетуге арналған форумды ұймыдастыруға Ғылым және жоғары білім министрлігінің кәсіподағынан 3 миллион 500 мың теңге жұмсалыпты. Осылайша министр Саясат Нұрбек қазынадан бір тиын кеткен жоқ деп сендірді. Ал жиынды өткізудегі мақсат-ақсап тұрған ғылымды дамыту. Басты проблема- еліміздің ғылыми-зерттеу институттарында жұмыс істейтін мамандар тапшы.Тәуелсіздік алған жылдары 52 мыңға жуық ғылыми қызметкер болған. Одан бері біз 35 мың маманнан айрылдық. Қазір елімізде 22 мың ғылыми қызметкер жұмыс істейді. Жастарды қолданбалы ғылымға тарту қажет дейді министр.

Ғылымды қаржыландыру жүйесі де көңіл қоншытпайды. Әрине шамалы болса да ғылымға ақша бөлінеді. Алайда, оның жетістіктерінен нәтиже жоқ. Ғылымның өміршеңдігін көргіміз келсе қаржыландыруды күшейту қажет. Дамыған елдерде ішкі жалпы өнімнің 3-4 пайызы ғылым саласына жұмсалса. Қазақстанда бұл көрсеткіш 1 пайызға да жетпейді.

Бұл министр де салаға өз реформасын енгізбек. ЖОО ректорларымен жұмысты күшейту де көзделіп отыр. Жаңа басшы келген сайын, өз идеясын енгізетіні дәстүрге айналғанын Саясат Нұрбек мырза да мойындайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.