Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҒЫЛЫМҒА БЕТБҰРЫС

c 01:18, 01/09/2023 c 70

0:00 / 0:00

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қазақстандық ғылымды қаржыландыруға мемлекеттік бюджеттен алдағы үш жылда 650 миллиард теңге бөлінгенін хабарлады. Министрдің айтуынша, 30 жыл ішінде ғылымға мұнша қаржы бөлінбеген. Сондай-ақ, конференция барысында Сасат Нұрбек 10 жылда елден 30мыңнан астам ғалым кеткенін айтты.

Қазақстанда ғылымға бет бұрыс енді ғана қолға алынып жатқанын ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек де мойындады. Министрдің айтуынша, алдағы үш жылда ғылымды қаржыландыруға, гранттық қаржыландыруға, бағдарламалық-нысаналы, тікелей гранттарға 650 миллиард теңге бөлінді. Мұндай қаржыландыру 30 жыл ішінде болмаған. Қазір 1,5 миллиард долларды ғылымға тікелей бағыттадық деп отыр ол. Тек осы жылдың өзінде қомақты қаржы бөлінген.

САЯСАТ НҰРБЕК – ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ «Биылдың өзінде ғылымға қомақты қаржы бөлінді. 159 миллиард теңге берілді. Ректордардың өзі қаржылай қолдауды сезінді. Әлеуметтік желіде жоғары оқу орнының жетекшілері 800 млн грантқа бөлінуі бірінші рет орын алып жатыр деп жазып жатыр»

Ғылым министрі іргелі зерттеулерді қолдау үшін 9 миллиардқа жуық қаражат бөлінгенін айтады. Министрлік ғылыми саланы қаржыландыруды ЖІӨ-нің 1 пайызына дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Алайда, 30 жылда талай кәсіби ғалымдарымыздан айырылып қалдық. Мұны министрдің өзі мойындап отыр. Тәуелсіздік алған жылдардың басында яғни 1990 жылы елде ғылыми-зерттеу институттарының 52 000 қызметкері мен ғылыммен айналысқан профессорлық-оқытушылық құрамы ресми түрде тіркелген. Бірақ 10 жылдан кейін осы құрамның 12 мыңы ғана қалды. Нақты айтқанда 30 мыңнан астам ғалымды жоғалттық. Қазір шетелге кеткен ғалымдар ғылыми жобалармен табысты түрде айналысып жатыр дейді министр. Енді Қазақстан жоғалтқан ғалымдардың орнын толтыру үшін «Болашақ» бағдарламасы, Назарбаев Университетінде оқып жатқан жастардан үмітті. Ғыым министрі болса, ғалымдардың жаңа буыны үшін жалақыны да, әлеуметтік пакетті де айтарлықтай көбейтіп жатырмыз. Мұның бәрі жаңа заңда қамтылмақ. Ол үшін күзде Парламент қарауына «Ғылым және техникалық саясат туралы» заң жобасы ұсынылмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.