0:00 / 0:00
Генерал Серік Күдебаев тау арқылы алдымен Қырғызстанға қашқан. Сол жақтан Түркияға ұшып кеткен.Бұл жайында Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары - шекара қызметінің басшысы Ерлан Алдажұманов Сенат дәлізінде тілшілерге берген сұхбатында айтты. Еске сала кетейік, Алматы облыстық полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасынан соң азаптауларға қатысы бар деген күдікпен сотты болып жатқан болатын. Бірақ генерал соңғы сот отырыстарына келмей қойғанды. Кейін ұзырлы органдар генерал Күдебаевтың елден қашып кеткенін мәлімдеген еді.
Осылайша, қаңтар оқиғасына қатысты сот алдында жауапқа тартылып жатқан генерал Серік Күдебаевтың елден қалай шығып кеткені әлі де жұмбақ болып отыр. Бұған дейін Серік Күдебаевтың Қазақстан шекарасын кесіп өткені туралы ресми мәлімет жоқ екені айтылғанды. Дегенмен, генерал қашудың жолын тапқан. Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары - шекара қызметінің басшысы Ерлан Алдажұмановтың айтуынша, қазіргі болжамға сәйкес, қаңтар оқиғасы кезінде қызмет орнын тастап кеткені үшін айыпталған Серік Күдебаев тау арқылы алдымен Қырғызстанға қашқан. Сол жақтан Түркияға ұшып кеткен.
ЕРЛАН АЛДАЖҰМАНОВ –ҚР ҰҚК ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ “Ол ресми шекара бекеттерінен өткен жоқ. Қазіргі жорамалға сәйкес, таумен шекарадан өтіп кетті. Сол жақта өзі туған ауыл бар, тауға жақын жерде шаруашылығы да бар. Өткізетін адамдар мен мүмкіндік бар”
Бас шекарашының хабаралуынша, қазіргі кезде тексеріс шаралары басталды. Арнайы топ тау жақта генералды іздеп жүр. Іле Алатауда Қырғызстанмен арадағы шекара 672 шақырымға созылып отыр. Оны тексеріп шығу оңай шаруа емес дейді ол. Шекара қызметі Қырғызстанға да сауал жолдағаны бұған едйін айтлыған болатын. Ол жақта да тергеу шаралары басталыпты. Әзірше Күдебаевқа қатысты нақты мәліметтер жарияланбай отыр. Шекара демекші, Алдажұманов депутаттардың алдында еліміздің шекарасындағы техникалық жабдықтау жағдайы өте нашар екенін айтты. Мемлекеттік шекрааның тек 16 пайызы ғана күзет техникасымен қамтылған.
Шекара қызметі басшысының айтуынша, Қырғыз елімен шекарада реттелмеген шаруа көп. Бұған дейін депутаттар ашық-тесік жатқан шекара арқылы қарамалды табынымен айдап кетіп жатыр деп шағымданған болатын.