Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ГАЗ ҚЫМБАТТАЙДЫ

c 00:17, 21/11/2023 c 70

0:00 / 0:00

Бұған дейін энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қазақстандық жүргізушілерге автогаздан бас тартуға кеңес бергенді. Себебі, газ тапшылығы орын алуы мүмкін деген алаңдаушылық бар. Ал бүгін вице-министр Жамауов газ бағасы қайта қымбаттайтынын айтты. Яғни 2024 жылы газдың литрі 5 теңгеге өседі.

ӘЛІБЕК ЖАМАУОВ – ҚР ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ «Газдың бір литрі 5 теңгеге қымбаттайды. Бағасын жыл сайын көтеріледі.Баға бірден көтерілмейді. Біз жарты жыл сайын өсіріп отыруды жоспарлап отырмыз. Ал үш-төрт жылдан кейін ыңғайлы бағаға шығамыз. Біз инфляция деңгейін де ескердік. Тұтынушылық себеті өсуде. Газ да өсуі керек. Қалайша газды бір бағада ұстап, азық-түлік бағасын ұстай алмай отырмыз".

Ал елде газ бағасын өсіруге не себеп болып отыр? Вице-министрдің айтуынша, бағасы өсіре отырып, газды қайта өңдек зауытарын жаңғырту керек. Сондай-ақ, бағаның төмендігінен сұйытылған мұнай газын өндіріп отырған кәсіпорындар шығынға батып отыр.

ӘЛІБЕК ЖАМАУОВ – ҚР ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ «Сұйытылған газдан экспортқа шығартын тауар дайындауымыз керек. Алайда біз оны тек жанармай ретінде қолданып жатырмыз. Ол дұрыс емес. Бағасын төмен ұстап отыра берсек мұнайгазхимиясы дамымайды»

Осы орайда журналистер тарапынан газ бағасы көтерілсе, халық арасында наразылық күшейіп кетпей ме деген сұрақ қойылды. Өздеріңізге мәлім, қаңтар трагедиясы газ бағасының шарықтап кетуінен бастау алғанды. Жамауов өз кезегінде энергетика министрлігі сұйытылған газ айналымын бақылауда ұстап отырғанын. Бағаның күрт өсуіне жол бермейтіндерін айтты.

ӘЛІБЕК ЖАМАУОВ – ҚР ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ «Тапшылық болады. себебі бізде өндіріс пен тұтыну әртүрлі. Қарашада сұйытылған газды экспортқа шығаруға тиым салынды. Соның есебінен айына 10-15 мың тонна газ үнемдейміз. Біз оны халыққа береміз»

Жамауовтың айтуынша, қазіргі кезде ішкі нарықта газ тапшылығы жоқ. Бірақ көлік жүргізушілері оны көп жағып жатыр. Жыл басынан бері 300 мыңнан астам көлік иесі газ қондырғысын орнатып алды. Бүгінде республикада айына 135 мың тонна сұйытылған мұнай газы өндіріледі. Тұтыну мұнан көп. Соған байланысты тапшылық туындайды. Автомобиль иелерінің көпшілігі сұйытылған мұнай газына ауысып жатқанын білеміз дейді вице-министр. Қазақстан газ қоры бойынша әлемде 22 орынға жайғасқан. Ал ТМД елдері ішінде үшінші орында. Қордағы 3,8 трлн кубаметр газ 100 жылға жетеді. Алайда, Қазақстанда өндіріп жатқан көгілдір газдың басым бөлігі экспортқа шығарылып жатыр

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.