Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ГАЗ-БАСТЫ МӘСЕЛЕ

c 19:51, 06/06/2022 c 579

0:00 / 0:00

2023 жылы Қазақстанда газ экспорты тоқтап қалуы мүмкін. QazaqGaz ұлттық компаниясының төрағасы Санжар Жаркешов Мәжілісте өткен Үкімет сағатында газбен қамтамасыз ету саласындағы проблемаларды тізіп берді. 2024 жылы газ саласында дағдарыс болып, тауарлы газдың тапшылығы басталады. Ішкі нарыққа қажет көлем қолда бар ресурстардан асып түседі. Егер шұғыл шаралар қабылданбаса, газ экспорты 2023 жылы тоқтап қалуы ықтимал - деді компания басшысы.

Мәжілісте газбен қамту мәселесі талқыланды. QazaqGaz ұлттық компаниясының төрағасы Санжар Жаркешов 2024 жылы газ саласында дағдарыс болып, тауарлы газдың тапшылығы басталады. Ішкі нарыққа қажет көлем қолда бар ресурстардан асып түседі. Егер шұғыл шаралар қабылданбаса, газ экспорты 2023 жылы тоқтап қалуы ықтимал дейді. Ал ішкі бағаны субсидиялау бағытында экспорт басты табыс көзі болған. Бүгінде іште газға сұраныс артқан. Себебі, елімізде жылуды газбен беру жұмыстары да жанданды. Енді экспорт тоқтаса, жыл сайын Қытаймен 10 млрдық экспорттық келісімді орындай аламймыз дейді ол. Өйткені экспортқа шығарылатын газ еліміздің ішкі нарығына кетіп жатыр. Депутаттар өңірлерді газбен қамту жолындағы кедергілерді атады.

Өздеріңізге мәлім, қаңтар трагедиясынан кейін президент газ бен жанар-жағармайдың бағасына шекті бағалар енгізуді тапсырғанды. 180 күндік шектеу шарасы 1 шілдеде аяқталады. Мәселен, зауыттың өзінен газдың бір литрі 16 теңгеден сатылуы шарт.Алайда, энергетика министрі Болат Ақшолақов бұл – өте төмен баға. Өндірісті көбейтуге ешқандай ынталандыру болмайды. Өйткені қазіргі бағалар газды шығаруға кететін шығыннан да төмен болып отыр, - дейді. 180 күндік шектеу аяқталғаннан кейін газ айналымы бақылауға алынады. Оған қоса, заңнамаға қосымша өзгерістер енгізіледі. Мәжілісмен Әміреев елді есеңгіреткен қасіретті қаңтар оқиғаларына осы газ бағасы әсер еткенін ұмыттық деп ашуланды.

Сондай-ақ, министрлік Ресей арқылы елдің солтүстік, шығыс аймақтарына газ тарту қарастырылып жатқанын айтқан еді. Депутат бұл шешімге де қарсылық білдіріп, көршіге тәуелділіктен құтылу жолын іздеуді талап етті.

Энергетика министр көгілдір отынды елден шығару әрекеті тыйылмай отырғанын айтты. Соның салдарынан тапшылық туындап, баға көтеріледі. Осыған сұйытылған газды міндетті түрде тасымалдау жолқұжаты алынатын тауарлар тізіміне енгізуді ұсынды. Оны сататын жанар-жағармай станциялардың кассалық чектерді беру міндеті де күшейтіледі. Ал министрлік сол чектерді беру базасына кіріп, газдың айналымын бақылайды деген жоспар бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.