Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ГАЗ БАҒАСЫ ӨЗГЕРЕ МЕ?

c 00:04, 12/09/2023 c 100

0:00 / 0:00

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовке газ бағасын бегілеуді реформалауды, ішкі нарыққа газ жеткізуді тұрақты түрде қамтамасыз етуді, жылыту маусымына уақтылы дайындалуды тапсырды. Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Президент бүгін «QazaqGaz» басшысын қабылдады.

Газ бағасы қаралы қаңтар оқиғасынан кейін, шеруге шығушылардың талабы бойынша төмендетіліп, батыс өңірінде елу теңгенің ар жақ, бер жағында тұрса, ел астанасында автогаздың бағасы 76 теңгені құрап отыр. Содан бері билік газ бағасына сақтықпен қарайды. Президенттің алдында есеп берген «QazaqGaz» басшысы ұлттық компанияның бірінші жарты жылдықтағы негізгі қаржы-шаруашылық көрсеткіштері және газ саласын реформалау жұмыстарының барысы туралы айтты деп хабарлайды Ақорда. «QazaqGaz» ҰК» акционерлік қоғамы 2022 жылдың басынан бастап Атырау, Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласында өз қаражаты есебінен сомасы 400 миллиард теңге болатын инвестициялық жобаларды іске асырған. Бұдан бөлек газ бағасын ұстап тұру үшін субдсидия бөлген.

Президенттің қабылдауынан шыққан Санжар Жаркешов газ тапшылығы мәселесінің шешілуіне қатысты мәлімет бергенін айтты. Қытаймен келісілген Бейнеу – Бозой – Шымкент магистральды газ құбырына қатысты жобаға тоқталды. Басқарма төрағасының айтуныша, газ саласының орта мерзімді стратегиясын жүзеге асыру, газ өңдеу қуатын ұлғайту және елімізді одан әрі газбен қамтамасыз ету перспективалары тұр. Президент газ бағасына қатысты тапсырмаларды жүктеген екен.

Сондай-ақ, Тоқаев ішкі нарыққа газ жеткізуді тұрақты түрде қамтамасыз етуді, жылыту маусымына дайын болуды, үнемді тұтыну тұжырымдамасын енгізу де тапсырды. Айта кету керек Қазақстан газ қоры бойынша әлемде 22 орында тұр. Ал ТМД-да Ресей мен Түрікменстаннан кейін 3-орындамыз. Барланған газ қорларының 98%-ы еліміздің батыс өңірінде, бұл ретте 87% - ірі мұнай-газ және мұнай-газ конденсаттық кен орындарында шоғырланған. Республикада өндірілетін газдың құрылымы негізінен ілеспе мұнай газы болып табылады. Қазақстанның табиғи газ және газ конденсаттық кен орындарына Амангелді және Шағырлы-Шөмішті кен орындары жатады. Осылайша, Қазақстандағы газ өндірудің 90%-ын Қарашығанақ, Қашаған, Теңіз және Жаңажол жобалары қамтамасыз етеді. Жалпы республика бойынша 79 газ өндіруші компания бар, оның ішінде шамамен 23 компания газды ішкі нарықты және экспорттың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін газ транспорттық жүйеге өткізеді. Сөйте тұра, Қазақстан халқының 40 пайызы газға қол жеткізе алмай отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.