Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«FACEBOOK» КОМПАНИЯСЫМЕН КЕЛІСІМ БОЛДЫ МА, ЖОҚ ПА?

c 10:02, 03/11/2021 c 1352

0:00 / 0:00

«Facebook» яғни «Meta Platforms» компаниясы Қазақстанмен интернетте бала қауіпсіздігін қамту мақсатында, зиянды контентке қарсы тұру бойынша ешқандай ынтымақтастық келісімін жасамағанын мәлімдеді. Сейсенбінің таңындағы бұл хабарлама Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму министрлігі үшін күтпеген жағдай болып отыр. Себебі, күні кеше еліміздің ақпарат министрлігі Қазақстан мен Facebook интернеттегі балалар құқығын қорғауға баса назар аудара отырып, зиянды контентке қарсы тұру бойынша тығыз ынтымақтастық туралы келісімге келгенін хабарлаған болатын. Біздің арнаның елордалық тілшісі Әселім Қалкен Facebook компаниясымен келісім болды ма, жоқ па деген сұраққа жауап іздеп көрген еді.

Facebook компаниясымен келісім болды ма, жоқ па? Әлеуметтік желіде отырғандарды Facebookтің Қазақстан билігімен интернетте балалардың құқықтарын қорғауға баса назар аударатын зиянды контентке қарсы тұру бойынша ешқандай ынтымақтастық келісім жасамағаны туралы ақпараты алаңдатып отыр. Кеше ғана еліміздің ақпарат министрлігі әлемдегі ірі әлеуметтік желіні дамытып отырған компаниямен бірлескен келісім жасалды деп жарияланған еді. Енді бүгін Марк Цукербергтің компаниясы бұл ақпарды жоққа шығарды. Шетелдік БАҚ –ң хабарлауынша, Азия-Тынық мұхиты аймағындағы саяси коммуникациялар директоры Бен Макконахи " Біз Қазақстан Үкіметімен бірлескен мәлімдеме жасаған жоқпыз – оның орнына Қазақстан Үкіметі жергілікті заңнаманы бұзатын контентті шектеу туралы үкіметтерден сұрау салу жаһандық процесі туралы өткізген талқылаулар негізінде өз мәлімдемесін жасады", - деп хабарлаған. Оның айтуынша, бұл процесс - Қазақстан үшін эксклюзив емес және бүкіл әлемдегі үкіметтер қолданатын процесс.Ал Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева өзінің Facebook парақшасында мұндай келісімнің болғанын тағы да растауда. Министр ханым парақшасында " Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі негізгі келіссөздерді Гонконг қаласында орналасқан Қытай, Моңғолия және Орталық Азия өңірі бойынша "Meta" ("Facebook") компаниясының өңірлік офисімен жүргізді. 1 қарашада жарияланған біріккен мәлімдеменің мәтіні мен оның БАҚ-да жариялануы аталған аймақтық кеңсенің басшылығымен толықтай келісілген болатын", - деп жазды. Осылайша министрлік үшін бұл күтпеген ақпарат болып отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаттары ғаламторда балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ірі әлеуметтік желілерді ұстап отырған компаниялармен зиянды контенттерді шектеу туралы келісім жасауды ұсынғанды.

Алайда, сарапшылардың пікірінше киберкеңістіктің қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз деп, билік асыра сілтеп, сөз бостандығына шектеу қоюы мүмкін.

Сондай-ақ, депутаттар шетелдік әлеуметтік желілер мен мессенджерлер Қазақстанда тіркелуі немесе өкілдік ашуы тиіс дейді. Мұндай ұсыныс Мәжілісте бірінші оқылымда қабылдаған "Бала құқығын қорғау туралы" заң жобасында қамтылған еді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.