0:00 / 0:00
Ақордада тағы да қонақ. Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық кеңестің президенті Шарль Мишельді қабылдады. Бұл Еуропалық кеңес президентінің Қазақстанға алғашқы ресми сапары болып табылады. Тараптар Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы ынтымақтастық мәселелерін, болашағын талқылады деп хабарлайды Ақорда. Қазақстан үшін Еуропалық Одақ ең ірі сауда және инвестициялық серіктес болып табылады. 30 жыл ішінде Қазақстанға Еуропадан 160 миллиард доллар көлемінде инвестиция тартылғанын айтты қазақ басшысы. Ағымдағы жылдың 8 айында арадағы тауар айналымы 43 пайызға өсіп, 26 миллиард долларға жеткен. Шарль Мишель мен Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика, «жасыл» экономика, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика салаларындағы мәселелерді талқылады. Шикізатты тасымалдау және «жасыл» сутегі энергетикасын дамыту талқыланды. Сондай-ақ Еуропаның Ресейге салып жатқан санкцияларының салқыны біздің елге де әсер етіп жатқаны да айтылды.
Өз кезегінде құрметті қонақ Шарль Мишель қазақ басшысымен геосаяи ахуалды талқылағандарын айтты. Сондай-ақ, елімізде жыл басында орын алған қаралы қаңтар трагедиясына қатысты сөз қозғаған.
ШАРЛЬ МИШЕЛЬ – ЕУРОПАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ПРЕЗИДЕНТІ «Қаңтар оқиғасын да сөз еттік. Адамның бостандығы мен құқықтары біздің ынтымақтастығымыздың басты элементі болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимылдарын да талқыладық. Күрделі уақытта Ресей халықаралық құқықты бұзуын жалғастыруда. БҰҰ -ы аумақтық тұтастық қағидатын қолдайды.
Ресей соны бұзып отыр. Сондай-ақ, біз Украинаны қолдаймыз. Қолымыздан келгенше қолдауды жалоастырамыз. Ресейдің әскери алпауытының әрекетіне қарсы тұруымыз керек».