0:00 / 0:00
Есірткі саудасы тыйылар емес. Есірткінің таралуына қатысты статистикадан көз сүрінеді. Есірткі мен нашақорлыққа баса назар аударылғанымен, оның түп тамырын кесу мүмкін болмай отыр. Қазақстандағы есірткі ахуалына 3 негізгі қауіп бар. Біріншісі -Орталық Азия, Қазақстан, Ресей әрі қарай Еуропа елдеріне қарай жүретін есірткінің трафигін тасымалдау. Екіншісі, кең таралып отырған синтетикалық есірткінің түрлері. Ал, үшіншісі мемлекет ішіндегі шикізаты көп есірткінің канабис түрінен жасалынатын марихуана секілді түрлері кең тарауда дейді ІІМ-ң өкілі Бақытжан Әмірханов. Жыл басынан бері есірткі саудасына қатысты 2500-ге жуық қылмыс анықталды. Оның 60%-ы сатумен байланысты.
Баршаға мәлім, есірткі саудасы көбінесе интернет желісі арқылы жүзеге асады. Тек ағымдағы жылы есірткі саудалаған 200-ға жуық сайт бұғатталып, 1500 телеграм мессенджеріне шектеу жасалды.
Өкінішке орай есірткіні өсіру аты аңызға айналған Шу алқабында ғана емес, Қызылорда, Түркістан облыстарында да кең етек жайған. Құрғақ-шөлді жерде өсетін үнді қарасорасының сорттары осы аймақтарды көп өсіріледі. Бұл ұйымдасқан қылмыстың түрі болып табылады.