Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЕСІРТКІ БИЗНЕСІ КҮШЕЙІП БАРАДЫ

c 12:01, 13/07/2023 c 119

0:00 / 0:00

Бір аптада ел аумағында 2700-ден астам қылмыс жасалды. Оның 1651 тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 10 кісі өлтіруді, 4 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 3 қарақшылық, 29 тонау және 402 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі. Өкінішке орай, есірткі қылмысын ауыздықтау қиынға соғып тұр. Тек ағымдағы жылы 1300 қылмыс есірткі айналымына қатысты болып отыр. Ішкі істер министрлігінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Серік Сұлтанов өткен айда полиция қызметкерлері арнайы операция кезінде 315 қылмысты анықтады. Соның ішінде 49 дерек – есірткіні заңсыз сақтау, 114-і – құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру дерегі бойынша, - деді. Сонымен қатар ірі көлемде 6 тонна есірткі алынған.

Есіркті айналымын тоқтатуға қанша күш жұмсалып, ұймыдасқан қылмыстық топ әшкерленіп жатса да, бұл қасіретке шектеу қою мүмкін болмай отыр. Бұл әлемді алаңдатқан проблема. Психоактивті заттардың жаңа түрлерінің үлесі артуда, есірткіні өндіру және таратудың соңғы әдістері тез дамып жатыр. Өкінішке орай Қазақстанда синтетикалық препараттар кең таралған және бағасы да қолжетімді. Ішікі істер минситрлігінің мәліметінше, синтетикалық есірткінің бір дозасы 10 мың теңге тұрады. Олар интернет, ломбард арқылы таратылып отыр. Ғылыми сараптама көрсеткендей, есірткі тұтыну ерте сатысында анықталса, 95 пайызын қалыпты жағдайға қайтаруға болады. Үшінші кезеңде нашақорлардың тек 15 пайызы ғана қалыпты өмірге орала алады екен.

СЕРІК СҰЛТАНОВ – ҚР ІІМ ДЕПАРТАМЕНТ ИНСПЕКТОРЫ «2023 жылы есірткі айналымы бойынша 1300 қылмыс фактісі анықталды. 8 тонна есірткі тәркіленді. 168 келісі синтетикалық есірткі. 24 есірткі лабораториясы жойылды. 4 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді. 8 қылмыстық іс қозғалды»

Бұған дейін ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жастар арасындағы нашақұмарлықты анықтау үшін жоғары оқу орнына түсерде, жұмысқа кіретін кезде, әскерге барарда оларды нашақорлыққа скринингтен өкізуді ұсынғанды. Скрининг жағдайды объективті бағалауға және есірткіге тәуелділерді, әсіресе жасөспірімдер арасында ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Ал скрининг кезінде нашақорлық анықталған жағдайда азамат жұмысқа тұра алмайды. Оқуға түсе алмайды, әскерге де бара алмайды. Ішкі істер министрі биоматериалдардан есірткіні анықтауда қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік болмайды деп сендіреді. Барлық ақпарат балалардың ата-аналарына жіберіледі. Ішкі істер министрлігі есірткі айналымымен күресті күшейтеміз деп отыр. Өздеріңізге мәлім, министрліктің алқа мәжілісінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құзырлы органға тиісті тапсырманы жүктеген болатын.

Есірткі бизнесі күшейіп барады. Есірткі сатушылардың арбау-алдауына ілініп жат¬қандардың көбі жастар. ІІМ дерегінше, өткен жылы есірткі қылмысын жасаған 25 жасөспірім ұсталды. Цифр¬лық технологиялардың дамуы есірткі стаушылар үшін тиімді болып тұр. Бүгінде заңсыз нарықтағы «дәстүрлі» апиын, кокаин және героинның жолда қалды. Себебі қазір есірткі саудасына құныққандар зертханаларда ең заманауи технологияларды қолдана отырып жасалған белгісіз синтетиканы қолданысқа енгізген. Ал оны сату үшін сайттарды қолданып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.