Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЕРІКТІЛЕР ЕҢБЕГІ

c 10:03, 22/08/2022 c 1023

0:00 / 0:00

Қазақстанда 200-ден аса Волонтерлік ұйым бар. Жыл санап еріктілер мен қайырымдылықпен айналысатын ұйымдардың саны артып келеді. Бүгін елордада Орталық Азия волонтерлер форумы өтті. Халықаралық жиында әр елдің волонтерлікті дамыту барысы талқыланды. Қазақстанда волонтерлікті дамытуда Парламент айтулы үлес қосып жатыр деді палата төрағасы Мәулен Әшімбаев. Форумға Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Түркіменстан, Түркия, Армения, Ресей және Беларусь Республикасынан 200-ден астам делегат қатысты.

Адамдарың өміріне бейжай қарамайтын еріктілердің қоғамда жаңа моделін қалыптасып жатыр. Бұл әрқашан мейірімді, жүрегі ашық адамдардың болуына сенім сыйлайды. Волонтерлер өз қызметінің нәтижесінде қоғамды жақсы жаққа өзгертеді. Соңғы жылдары елімізде еріктілер ұйымының жұмысы жанданған. Қашанда көмектесуге дайын адамдардың, яғни волонтерлердің құқығы қорғалуы тиіс. Қазақстандықтар еріктілердің ерен еңбегін пандемия барысында сезінді. Қауіпті індеттен сақтанып, үйінен шыға алмай қалған қарияларға, көмекке мұқтаж жандарға алдыңғы шепте жүріп қолдау көрсеткен осы еріктілер болатын. Соңғы 3 жылда Қазақстанда белсенді волонтерлер саны 4 есе және волонтерлік ұйымдар саны 3 есеге өсті. Іске асырылып жатқан жобалардың ауқымы ұлғайды. Волонтерлер үшін бірыңғай ақпараттық платформа жұмыс істеп жатыр дейді Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев.

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ «Волонтерлік қызметті дамыту туралы заңға түзетулер енгізіп, қабылдадық. Заңда мемлекеттік қызметке кірер кезде волонтерлік еңбекті есепке алу туралы ереже енгізілді. Одан бөлек, волонтерлерді ынталандыру үшін мемлекеттік наградалармен марапаттау шарасы қабылданды. Сонымен қатар волонтерлік ұйымдарға коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі норма көзделген»

Қазақстандық еріктілердің жұмысы бүгінде кеңінен дамыған. Мысалы, ерікті болуға ниеттенген адамды сала бойынша дайындау курстары да бар. 15 жыл бойы волонтерлер қатарында жүрген Бекназар бүгінде тәлімгер.

Қазақстанда 200-ден аса Волонтерлік ұйым бар. Ендігі мақсат халықаралық волонтерлік қызметті дамыту болып отыр. Ақпарат министрі Асқар Омаровтың дерегінше, Бүгінде БҰҰ жүйесінде қазақстандық 71 ерікті жұмыс істейді, оның 42-сі әйел. 7 қазақстандық волонтер Иордания, Кения, Түркия және Тайландтағы БҰҰ-ның түрлі құрылымдарында табысты жұмыс істеп жатқан көрінеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.