Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ЕРІККЕННЕН ҚАРЫЗ АЛЫП ЖАТҚАН ЖОҚПЫЗ»

c 16:46, 26/10/2022 c 1077

0:00 / 0:00

Үкімет тағы да қарызға батып жатыр. Парламент Мәжілісіне «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және Даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасымен келген қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, Халықаралық қайта құру және Даму банкінен 345,7 млн еуро сомасында қарыз алатынымызды айтты. Мәжілісмендер үкімет айтты екен деп бірауызан бұл келісімді мақұлдады. Онсыз да елдің сыртқы қарызы артып жатқанда, тағы да қарызданудың қажеті қанша деген сұрақ туады. Жамаубаев сыртқы қарызымыз жалпы ішкі өнімге шаққанда 24 пайыздан аспайды және бұл көп емес деп сендіреді. Бас қаржыгер бұл қомақты қаржы әлеуметтік, білім, ғылым және ковид салдарын жоюға қажет болып отыр, еріккеннен қарыз алып жатқан жоқпыз деп ағынан жарылды.

Министр Жамаубаевтың айтуынша, аталған қарыз толығымен бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталады. Ұлттық қорға түсетін қаражатты сақтап, оның сомасын арттыру бағытында бюджет тапшылығына барып отырмыз дейді ол.

Министрдің өзі де несие алып, қарызданып жүр екен.

Дүниежүзілік банктің қарызы біздің елге 2,5 жылдық жеңілдік кезеңімен беріліп отыр. Оны 11,5 жыл ішінде өтейтін боламыз. Сыйақы мөлшерлемесі Еурибор және өзгермелі спредтен тұрады. Айта кетейік, қарыз қаражаты қарыз туралы Келісім күшіне енгеннен кейін бірыңғай транш түрінде бөлінеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.