Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЭНЕРГИЯ КӨЗІН ҚАЙДАН АЛАМЫЗ?

c 16:40, 18/10/2022 c 1382

0:00 / 0:00

Жылдан –жылға электр қуатына сұраныс артып жатыр. Ал электр желілерінің 65 пайызының тозығы жеткен. Оны жаңарту үшін инвестиция құю керек. Энергетика министрі электр энергиясы нарығына инвестиция тарту үшін қолданыстағы тарифті 1 МВт үшін айына 590 мың теңгеден 885 мың теңгеге дейін ұлғайту қажет дейді. Үкімет отырысында Электр энергетикасы саласын дамытудың 2035 жылға дейінгі жобасы талқыланды. Салада реформа жүргізу үшін энергетикалық ауысу шеңберінде «таза көмір» технологияларын, жаңартылатын энергетиканы, заманауи газ және атом генерациясын дамыту ұсынылды.

Осылайша үкіметтегілер көмірге тәуелділіктен жақынарада құтыла алмайтынымызды айтады. Себебі баламалы энергия көзін тарту қымбатқа түсіп отыр. Министр Ақшолақов жаңартылатын энергияны жинақтайтын қондырғыларды жүйеге енгізу тарифтердің қымбаттауына әкеп соғады дейді. Көмірқышқыл газын ауаға жібермей ұстап қалу, атмосфераға шығатын зиянды қалдықтарды азайту үшін жаңа технологияларды қолданылмақ. Яғни жоғарыда айтылған «таза көмір» технологиясы енгізіледі. Бұл қоршаған ортаны қорғау үшін жасалатын шара.

Аймақтарда электр желілерімен бірге, жылу электр орталықтарындағы жабдықтар да ескірген. Кейбір қалаларда бұл көрсеткіш тіпті 80% жетіп отыр. Сондықтан электр станциялары мен қазандықтардың жабдықтарын жаңартып, желілерді қайта жөндеу керек. Ал оның бәрі қомақты қаржыны талап етеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.