Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІН ЕКІГЕ БӨЛУ КЕРЕК»

c 19:28, 15/09/2022 c 1489

0:00 / 0:00

Депутаттар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін екі ведомствоға бөлуді ұсынды. Мәжілісмен Ерлан Смайловтың пікірінше, бүгінгі еңбек министрлігі өзіне тиесілі міндеттерді толық қамти алмауда. Аталмыш министрлік қазақстандықтардың проблемалық мәселелерін шешуде белсенділік таныта алмай отыр.

ЕРЛАН СМАЙЛОВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ "Елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қазақстандықтардың лайық өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету үшін еңбек саласының стратегиялық маңыздылығын, сондай-ақ саланы тиімді басқаруға көпжылдық қабілетсіздігін ескере отырып, министрлікті Еңбек министрлігі мен әлеуметтік даму министрлігі деп екіге бөлген жөн. Мемлекеттік бюджеттен шығын шығармай бөлу керек».

Депутат Смайлов үкіметке жолдаған сауалында еңбек министрлігін тұрақты даму идеологиясын әлдеқашан жоғалтқан, қандай да бір проблема туындаса бюджеттен қаржы бөлінбейді, заң қайшылығы бар деген сылтауды алға тартады деп сынады. Әлеуметтік төлемдерді ілгерілету, зейнетақы жүйесі, ең төменгі жалақы мәселесі сияқты шешімін таппай жатқан проблема шаш-етектен.

ЕРЛАН СМАЙЛОВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Ең төменгі жалақы мәселесі бұл саладағы проблеманың басы ғана. Көп жылдардан бері шешілмей келе жатқан мәселе- азаматтық-мемлекеттік қызметкерлердің, мемлекеттен қаржыландырылатын ұйымдарда істейтіндердің ең төменгі айлығы 17 мың 697 теңгені құрайды. Бұл алты жылдан бері өзгермеген. Осы уақытта инфляция 150 пайызды құрады. Қажеттің бәрі екі есеге қымбаттады».

Депутаттың мәлімдеуінше, аталған министрлік еңбек құқықтарын қорғау мен әлеуметтік қорғау саласындағы мәселелерді шешуге келгенде мүлдем енжарлық танытуда. Егер министрлік екіге бөлінсе, еңбек министрлігі саласы бойынша жаңа ұлттық саясатты әзірлеу қажет. Табысы төмен қазақстандықтардың проблемасын, жұмыс берушілер мен жұмысшылардың мүдделерін, еңбек нарығындағы теңсіздікті, әділетсіз зейнетақы жүйесін, жұмыссыздықты, кедейшілік проблемаларын шешуге бағытталуы тиіс деген ұсынысын алға тартты мәжілісмен.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.