Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЕЛОРДАҒА ҚОНЫС АУДАРУҒА ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛУЫ МҮМКІН

c 13:27, 25/08/2023 c 78

0:00 / 0:00

Ел астанасына қоныс аударуға шектеу қойылуы мүмкін. Бұл жайында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің көші-қон комитетінің төрағасы Ақылбек Ертаев айтты. Журналистермен өткен баспасөз маслихатында комитет басшысы, жалып елдегі көші-қон ахуалын баяндаған еді. Жыл басынан бері Қазақстанға барлығы 15,5 мың қандас келсе, оның 9,6 мыңы еңбекке қабілетті.

Елдегі көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасын іске асыру барысында шетелде табысты бизнес-кейстері бар этникалық қазақтар үшін «Ата жолы» картасын беру тәртібі бекітілді. Қазір оған 50 этникалық қазақ енгізілген. Көші-қон комитетінің төрағасы Ақылбек Ертаевтың айтуынша, жыл басынан бері Қазақстанға 15,5 мың қандас қоныс аударған. Оның тоғыз мың алты жүзі еңбекке жарамды. Айта кету керек, этникалық қазақтар басқа елдің азаматы болса да, Қазақстан азаматтарымен және қандастармен тең құқықтарға ие болады.Сондай-ақ, елге келген қандастарды қоныстандырудың жаңа алгоритмі қабылданды дейді Ертаев мырза. Бұл орайда қай өңірге еңбек күші көбірек қажет болса, сонда баратын болады. Жұмыс берушілердің сұранысы бойынша қажетті кәсіп иелерін, отбасын қауыштыру, үкімет айқындаған өңірлерге жолдама беру, даму әлеуеті бар елді мекендерге қоныстандыру көзделіп отыр. Ал ішкі көші-қон тұрақталды дейді комитет басшысы.

Алайда, ірі қалаларға көш салмағы артып отыр. Ол жалпы іштегі көші-қонның 40 пайызын құрайды. Комитет басшысынң айтуынша, Астана, Алматы, Шымкент қаларына көшіп келіп жатқандар өте көп. Олардың көбісі облыс орталықтары мен моно қалалардан қоныс аударып жатқандар. Ал елорда тұрғындарының саны тым көбейіп жатқандықтан, Астанаға көшіп келушілерге шектеу қойылуы мүмкін.

АСҚАРБЕК ЕРТАЕВ -ҚР ЕХӘҚМ КӨШІ-ҚОН КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ «Астанаға көшіп келіп жатқандар санына қатысты мәселе бойынша жұмыс жүріп жатыр. Әлі талқылау үстінде. Қандай өзгерістер енгзілетіні туралы әзірге айта алмаймын. Бұл шаралардың бәрі заң актілері аясында қарастырылады.Қыркүйектің ортасында қандай шешімге келгенімізді жариялаймыз»

Сондай-ақ, жұмыс іздеп шетел асып жатқан азаматтарымыз да баршылық. Комитет төрағасының айтуынша, бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша 194 мыңнан астам қазақстандық шет мемлекеттерде еңбек етуде. Нақтылап айтқанда, Ресей, Польша, Оңтүстік Корея мен Ұлыбританияға кетіп, жұмыс істеп жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.