Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЕЛОРДА ҚЫСҚА ДАЙЫН БА?

c 10:48, 04/07/2023 c 99

0:00 / 0:00

Астана жылу беру маусымына дайын ба? Бұл сұраққа мәжіліс депутаттары жауап іздеп көрді. Бүгін қала шетінде құрылысы жүріп жатқан «Оңтүстік-Шығыс» газбен жылыту станциясына барған депутаттар, оның жұмысымен танысып қайтты. Астанаға жыл сайны 50 мың адам қоныс аударып жатады, Қала тұрғындарының саны күрт артып жатыр. Салдарынан мектеп, балабақша тапшлығы орын алып, тіпті судың өзі жетпей жатыр. Ал қаланың Кеңес дәуірінде салынған жылу беру жүйесі де тозған. Үшінші Жылу электр орталығының құрлысы аяқталар емес.

Қыстың қамын жаз ойла. Елордада құрлысы қаншама жылға созылған үшінші ЖЭО аяқталғанша, қала жұрты қыста қатып қаламыз деп алаңдайды. Себебі Астанадағы екі ЖЭО сонау Кеңес дәурініде бой көтерген нысандар. Олар әбден тозған. Қала қыста жылу беру проблемасының алдында алу үшін газбен жылытатын станциялардың құрлысын жеделдетіп жатыр. Бүгін депутаттар Астананың шетінде орналасқан «Оңтүстік Шығыс» газбен жылыту станциясының құрлысымен танысты. Бұл қазандықтың қаланың сол жағалауындағы Экспо ауданын жылумен толық қамтуға күші жетеді дейді мердігер компанияның өкілі. Қазандық құрлысына қазынадан 30 миллиардқа жуық қаражат бөлінген.

Аталған станция еуропа технологиясы бойынша салынып жатыр. Қазандық күздің қазан айында іске қосылады деп сендіреді мердігер. Нысанның құрылыс жұмысымен танысып қайтқан депутаттар мұндай тағы екі станция құрылысы басталғанын айтады.

Осылайша елорда қысқа қамданып жатыр. Ал депутаттар өздері алаңдағандай, қыста жылусыз қалмаймыз деп сендіреді.

Қазақстанда жылу электр орталықтары, қазандықтар әбден тозған. Елдегі жылу электр орталықтарының 76%-і – 50 жылдан астам, 24%-і – 30 жылдан астам уақыт пайдаланылып келеді. Жылу электр орталықтарының орташа қызмет ету мерзімі — 61 жылды құрап отыр. Депутаттар өңірде энерегткиалық инфрақұрылымның техникалық жағдайы нашарлағанын жарыса айтуда. Астана, Семей, Тараз, Павлодар сияқты бірқатар қалада жылу жүйесіне проблема көп, энергия тапшы. Жалпы 19 ЖЭО қаупі бар. Ел астанасы да алдағы қыста Екібастұздың кебін киіп жүрмесіне кім кепіл деген пікірлер жиі айтылып жатыр. Әр өңірде жоқ дегенде бір Жылу элеткр орталығын салу үшін триллион теңге қажет.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.