Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЕЛОРДА АТАУЫ ӨЗГЕРЕ МЕ?

c 20:18, 07/09/2022 c 1581

0:00 / 0:00

Өздеріңізге мәлім 2 қыркүйекте мәжілістегі "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобының мүшелері елордаға Астана атауын қайтару туралы бастама көтерген еді. Депутаттар бұл халықтың талабы дейді. Үш жылға жуық Нұр-Сұлтан қаласы деп алатып келген елордамызға ескі атауын қайтару жұмысы қолға алынып жатыр. Депутаттардың ұсынысы алдағы аптада-ақ жүзеге асуы да мүмкін. Палата төрағасы Ерлан Қошанов та әріпестерінің бастамасын қолдап отыр.

Депутаттық топ тірі адамға қала, жер атауын беру дұрыс емес деп шешіпті. Еске сала кетейік, елордаға Нұр-Сұлтан атауын беру Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысы болатын. Сол кезде Тоқаев елбасының еңбегін мәңгі есте сақтау үшін осы бастамасын алға тартқан еді. Енді Жаңа Қазақстан" депутаттық тобы президенттің бұл ұсынысына қарсы шығып отырғандай....

2019 жылы 23 наурызда Астана атауы ресми түрде Нұр-Сұлтан деп өзгертілгенді.Сол кезде-ақ қоғам бұл өзгеріске қарсы пікірлерін айтқан болатын. Депутаттарға халықтың үні енді жеткендей. Осылайша экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне орай берілген қала атауы да өзгертілмек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.