Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ЭЛЕКТРОНДЫҚ САМОКАТ» ҰҒЫМЫ ЕНГІЗІЛДІ

c 19:23, 22/06/2023 c 184

0:00 / 0:00

Елімізде электрондық самокаттарды қолдану заңмен реттелетін болады. Сенат қабылдаған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы Президенттің қол қоюына жіберілді. Әрине заңнамада әлі де піспеген нормалар көп, бірақ сенаторлар жол үстінде самокатты қолдану парктикасын жетілдіру үшін бұл құжат сынақ түрінде қолданылады дейді. Осы заң жобасына сәйкес, самокат жүргізушісі 18 жасқа толған болуы шарт, сонымен қатар кез келген санаттағы көлікті басқару құқығын беретін жүргізуші куәлігі, түймеленген дулыға, ал тәуліктің қараңғы уақытында үстінде жарық шағылыстыратын зат болуға тиіс.Алайда, кейбір депутаттар самокатты басқаруды 16 жастан да рұқсат беруге болатын еді деген пікірде.

Соңғы жылдары еліміздің ірі қалаларында көшеде электрондық самокатты басқарып келе жатқандарды жиі көресің. Самокатпен көздеген жеріңе тез жетесің. Сондай-ақ арзан көлік түрі болып табылады. Алайда, электрондық самокаттарды қолдану ережесі біздің елде заңмен реттелмеген. Енді Парламент қабылдаған заңнамаға сәйкес, электрондық самокатты 18 жасқа толған болуы шарт, сонымен қатар кез келген санаттағы көлікті басқару құқығын беретін жүргізуші куәлігі, түймеленген дулыға, ал тәуліктің қараңғы уақытында үстінде жарық шағылыстыратын зат болуға тиіс. Бұл заңмен элеткрондық самокат қызметін ұсынып отырған мекемелердің әрекеті бақыланады. Ал жекеменшіктегі самокат иелерін қалай бақылайтынын полцияның өзі де білмейді.

Алайда, депутат Орынбеков самокатты басқаруды 16 жастан да рұқсат беруге болатын еді дейді.

Айта кету керек, бұл заң мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленген. Электрондық самокат ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына 25 километрден аспайтын көлік құралы деп танылады.Олардың қозғалысы үшін орындар айқындалады. Сондай-ақ самокат жүргізушілеріне жолдың жүріс бөлігінің оң жақ шеті бойынша жүруге рұқсат бар. Электросамокатқа тротуар немесе жаяу жүргіншілер жолымен сағатына 6 км аспайтын жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі. Сенаторлар аталмыш заң жобасын мақұлдап, президенттің қол қоюына жолданды. Дегенмен, бұл шикі заң болып қабылданды. Депутаттар электрондық самокатты қолдану тәжірибесін толық бақылау үшін бұл құжат бастама ретінде қолданылады. Кейін аталмыш құжатты қайта қарауымыз мүмкін.

Тағы бір айта кететіні, электросамокатта жүктер мен жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынады. Электрондық самокатты жүргізушілер жол қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен жаяу өтуі керек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.