0:00 / 0:00
Қазақстанда деструктивті ағымды ұстанушылар саны 20 мыңды құрап отыр. Парламент Сенатының депутаты Сұлтан Дүйсембинов экстремизм мен терроризмге қарсы жаңа бағдарлама әзірлеуді ұсынды. Қаралы қаңтар оқиғасына лаңкестердің қатысы болғаны алаңдатады. Статистикаға сүйенсек, діни қызығушылық білдірген азаматтардың 73 пайызы қажетті мәліметтерді ғаламтор желісінен іздейді. Яғни, қазіргі ғаламторда әлеуметтік желілер, видеохостингтер мен блокплатформалар және басқа да байланыстырушы ақпарат құралдары әлемдегі жаңа мүмкіндіктермен қатар жаңа қауіптердің туындауына септігін тигізуде дейді сенатор.
Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бастап діни ағымдардың түр-түрі кең етек жая бастады. Бірі имандылыққа бет бұрып, өзін дін жолына арнаймын деп жүріп, теріс ағымға түсіп кеткенін де аңғармады. Енді бірі деструктивті ағымды өз қалауымен таңдап жатты. Өкінішке орай, теріс ағымға бой алдырғандар қатарында жастардың саны басым болып тұр. Тіпті, шетел асып, лаңкестік топтардың жетегінде кеткені қаншама. Қаңтар трагедиясында арандатушылық туғызып, бүлік салғандар да осы лаңкестер деген ақпарат тарауда. Мысалы, ел астанасында деструктивті діни ағым өкілдері ұсталды Түркістан облысында әлеуметтік желіге экстремистік материалдар жариялаған күдікті ұсталды. Мұндай деректер көп. Статистикаға сүйенсек, діни қызығушылық білдірген азаматтардың 73 пайызы қажетті мәліметтерді ғаламтор желісінен іздейді. Мұндай ақпарат құралдары әлемдегі жаңа мүмкіндіктермен қатар, жаңа қауіп тудыруда дейді сенатор Дүйсембинов.
Өз кезегінде елдегі экстремизм мен терррозимге қарсы күрес жүргізуге бөлінген қыруар қаржатты Ұлттық қауіпсіздік комитеті қайда жұмсағаны беймәлім. Тіпті атаулы органның қасіретті қаңтар оқиғасына әлі күнге дейін баға бермеуі күмән тудырады дейді депутат.
Сенат депутаты елдегі діни ахуалды зерделеп, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі жаңа мемлекеттік бағдарлама әзірлеуді талап етті. Сондай-ақ, аймақтар бойынша діни ахуалдың картасын әзірлеп, дін саласы бойынша мониторинг және сараптамамен айналысатын республикалық зерттеу орталығын құруды да ұсынды.