Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЭКС-МИНИСТР БИШІМБАЕВТЫҢ СОТЫ БАСТАЛДЫ

c 15:00, 12/03 c 70

0:00 / 0:00

Алдын ала сот тыңдауында прокурор Айжан Аймағанова күдікті Қуандық Бишімбаевтың Салтанат Нүкенованы психикалық азапқа салғанын баяндады. Ол Нүкеноваға үйленгеннен бастап ашушаң, агрессивті, өзімшіл бола бастаған. Ол Салтанат Нүкенованың пікірін ескермеген. Онымен қоса, Бишімбаев Нүкеноваға туыстары мен құрбыларымен кездесуге, сөйлесуге тыйым салған. Телефондағы барлық хабаламаларды бақылап отырған. Тіпті Салтанат Нүкеноваға жұмыс істеуге тыйым салған. 2022 жылы Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкеноваға үйленгенімен, некесін заңды түрде тіркемеген. Азаматтық некеде тұрған. Айыптаушының баяндауынша, марқұм Салтанатты порнографиялық видеоға түсуге мәжбүрлеген. Жүйелі түрде ұрып-соққан. Нүкенова Бишімбаевтан бірнеше рет кетуге тырысқан, алайда Бишімбаев кешірім сұрап өзіне қаратып алған. Ал қарашадағы қайғылы оқиғаның алдында ерлі-зайыптылар концертке барған. Алайда концерт аяқталмастан, ол жерден шығып, Bau мейрамханасына барған. Екеуі ішімдік ішіп, екеуара дау болған. Жанжалдың соңы ұрып-соғуға жалғасқан.Бишімбаевтың соққысының салдарынан Нүкенова еденге құлаған. Бишімбаев қылмыстық әрекетін әрі қарай жалғастырып, денесіне жарақат салған. Содан кейін шашынан сүйреп, VIP залға әкелген. Артынша Нүкенова зал есігін ішінен іліп алған. Бұл Бишімбаевтың ашуын келтіріп, есікті алдымен қолымен, содан кейін металлмен бұзып ашқан. Ішке кірген соң Нүкенованы қайта соққыға жығып, оның есін жоғалтқанына көзі жеткен кезде әрекетін тоқтатқан. Нүкенова алған жарақатынан сол кезде қайтыс болған. Одан арғысы көпке мәлім, Бишімбаев туысы Байжановты шақырып, қылмысын жасыруға тырысты. Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы (аса қатыгездікпен адам өлтіру), 110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы физикалық және психикалық қинау) бойынша айып тағылып отыр. Алайда күдікті Қуандық Бишімбаев өзіне тағылған айыптарды мойындамады. Ал марқұм Салтанат Нүкенованың туғандары алқа билердің қатысуымен өтетін сот ісінің әділ өткенін қалайды.

ҚАЙРАТ НҮКЕНОВ – МАРҚҰМ САЛТАНАТ НҮКЕНОВАНЫҢ НЕМЕРЕ АҒАСЫ «Бұл олардың құқығы, біз оған әсер ете алмаймыз. Алқа билер көп жағдайда ақтап алып жатады. Соған алаңдаймыз. Бірақ біз соттық әділ өтуін бақылауда ұстайтын боламыз»

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.