Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЭКС-МИНИСТР БІРТАНОВҚА СОТ ҮКІМІ ШЫҚТЫ

c 19:09, 28/10/2022 c 1105

0:00 / 0:00

Екі жылға созылған экс-министр Елжан Біртанов пен оның бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевке қатысты сот үкімі шықты. Астанада өткен сот ісі көпшілік наразында болды. 2020 жылдың қазан айынан бері үйқамақта отырған бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевке «Ericsson Nicola Tesla» компаниясының қызметін қолдану кезінде «лауазымдық өкілетін теріс пайдалану» арқылы мемлекетке 1,5 млрд теңге шығын келтірді деген айып тағылғанды. Сондай-ақ Біртанов пандемия кезінде санитарлық авиацияны пайдаланғаны үшінде айыпталды. Экс-министр Біртанов өзіне тағылған айыптармен соңына дейін келіспеді.Осы істі қараған судьяға қарсылық білдірген сәттері де болды. Тіпті Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрағаны есімізде. Прокурор экс-министрді 6 жылға бас бостандығынан айыруды, Біртанов пен оның орынбасары Олжас Әбішевтен 1,5 млрд теңгеден астам қаржыны тең үлеспен өндіруді сұрағанды. Ал үйқамақта отырған Елжан Біртановты түрмеге жабуды ұсынды. Не керек екі жылға созылған іс бойынша сот үкімін жариялады.

ИБРАГИМ ӘЛКЕНОВ – САРЫАРҚА АУДАНДЫҚ №2 СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ «Қазіргі уақытта платформа жұмыс істемей тұр. Сот қылмыстық істің осы эпизоды бойынша сотталушыларды кінәлі деп тану үшін қаралған дәлелдемелер жиынтығын жеткілікті деп санайды. Сот жаза тағайындау кезінде Е. Біртановтың кәмелетке толмаған 3 баласы, Әбішевтің мүгедектігі бар баласы бар екенін ескерді. Мемлекетке материалдық залал келтірген үшінші тұлғаларға аударылған ақшалай қаражатты сотталушылар тіке ұрлаған жоқ. Бірақ, бұл аударым сотталғандардың қылмыстық әрекеті салдарынан жүргізілді. Жоғарыда көрсетілген мән-жайларды ескере отырып, сот бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындауды ұйғарды». 

Біртанов санитарлық авиацияны пайдаланды деген эпизод бойынша ақталып шықты. Ал лауазымын асыра пайдаланды деген айып бойынша істі болды. Біртанов пен Әбішев 1,3 миллиард теңгені өтейтін болады.Нәтижесінде сот Елжан Біртановқа қатысты 5 жыл бас бостандығын шектеу туралы, бұрынғы вице-министр Олжас Әбішевке 4 жыл бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарды. Бұл дегеніміз Біртанов пен Әбішев үйқамақта отырады. Біртанов хорватиялық компанияның қызметін пайдалануда лауазымын асыра қолданды деген айыппен келіспейді.

Экс-министр сот үкімін қанағат тұтпайды. Өзінің адал, таза екендігін дәлелдеу үшін аппелицияға беремін деп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.