0:00 / 0:00
Еуразиялық Экономикалық Одақ Қазақтанға тиімді ме? Бұл сұрақ қоғамда жиі көтеріліп жатыр. Еліміздің Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қырғыз Республикасында өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты. Айтулы шараға Одаққа мүше елдердің үкімет басшылары қатысып, қарым-қатынас мәселелерін талқылады деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі
Қазақ үкіметінің басшысы Әлихан Смайылов ЕАЭО елдерінің бірінші жартыжылдықта өзара сауда көлемі ұлғайғанын айтты. Қазақстанның одақтас елдермен тауар айналымы 4,8% өсіп, 12,6 миллиард долларды құрады. Дегенмен Смайылов одан әрі даму үшін бірқатар маңызды мәселелерді шешуге баса назар аудару қажеттігін атап өтті. Әлихан Смайыловтың пікірінше, кедергісіз орта құру қажет.
ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ «Бірыңғай сыртқы сауда айналымын құрғанда ішкі өндірушілерді қорғаймыз деп келістік. Алайда өзара саудада шектеулер енгізілген кезде басқа мемлекеттердің белгілі бір деңгейде Еуразиялық экономикалық одақ тауарларымен қамтамасыз етілуі, сондай-ақ үшінші елдерден жеткізілімдерді жеңілдету үшін жағдайлар жасалуы тиіс. Комиссия осы мәселені жіті зерттеуі керек».
Премьер-Министр Смайылов жиын барысында қазіргі уақытта Одақ елдері бағаның, әсіресе азық-түлік тауарлары бағасының айтарлықтай өсу проблемасымен бетпе-бет келіп отырғанын да атап өтті. 6 ай ішінде Одаққа мүше елдерде бағалар орта есеппен 12,9%-ға артқан. Қырғыз еліндегі кездесу барысында үкімет басшылары ЕАЭО елдерінің экспортын дамыту үшін тауарлар транзитінің еркіндігін қамтамасыз етуде айтты. «Шығыс-Батыс» және «Солтүстік-Оңтүстік» бағыттарындағы еуразиялық көлік дәліздерінің инфрақұрылымын жаңғырту осы бағыттағы маңызды практикалық қадам болуы мүмкін.