0:00 / 0:00
Ақорда бүгін шетелдік дипломаттарды қабылдады. Қазақстанда орын алып отырған инфляцияға сыртқы факторлар ықпал етуде. Бұл жайында қазақ басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік дипломаттармен өткен дәстүрлі кездесуінде айтты. Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қазақстанның өңірлік және жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі жайында айтты. Сауда-экономикалық ынтымақтастық перспективаларына назар аударып, еліміздің аграрлық, өндірістік сектор, энергетика, «жасыл» қаржы салаларындағы әлеуеті зор екенін атап өтті. Дегенмен, импортқа тәуелділіктен қымбатшылықты сезініп отырмыз
Біз жыл сайын 5 млн тоннадан астам бидай мен 1,5 млн тонна ұн экспорттаймыз. Әлемнің ең ірі он астық экспорттаушы елдер қатарына кіреміз. Қазақстан – зығыр тұқымын ірі өндірушілердің және майлы дақыл экспорттаушылардың бірі. Сонымен қатар, бізді шетелдік азық-түлік импортының жоғары деңгейі алаңдатады. Бұл инфляцияның өсуіне алып келеді. Сарапшылар Қазақстандағы инфляцияға сыртқы факторлар ықпал ететінін айтып отыр
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда тіркелген шетелдік миссия басшыларын 70 миллиард доллар көлемінде активі бар әлемнің 30 ірі тәуелсіз қорының қатарына кіретін «Самұрық-Қазына» қорымен өзара белсенді іс-әрекет жасауға шақырды.
Қазіргі уақытта Қор ашықтық пен тиімділікті арттыру үшін кешенді түрде трансформацияланып жатыр. Осы ретте Қордың портфельдік компанияларын жекешелендіру – негізгі бастамалардың бірі. Ұлттық мұнай компаниясы, әуекомпаниясы және теміржол компаниясы сияқты Қордың ірі активтері жақын уақытта ашық компанияларға айналады. Мұнай саласындағы жетекші «ҚазМұнайГаз» компаниясы биыл күзде Қазақстанда IPO өткізеді»,
Сондай-ақ, Тоқаев Қытай – Еуропа дәлізі бойынша құрлықтағы транзиттік тасымалдың 80 пайыздан астамы Қазақстан арқылы арқылы кедергісіз өтетінін айтты. Дүниежүзілік банктің мәліметі бойынша, көлік-транзит әлеуетінің дамуы Орталық Азия елдерінің тұтас ЖІӨ-н 15 пайызға өсуіне ықпал етуі мүмкін. Қазақстан қазірдің өзінде "Бір белдеу – бір жол" бастамасын жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Бұдан бөлек, "Орта дәліз" деп аталатын Транскаспий халықаралық көлік бағытының маңызы артып келеді деді Президент.