Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ДЕПУТАТТАР ХАЛЫҚҚА ЖАҚЫН БОЛУЫ КЕРЕК»

c 19:20, 02/02/2022 c 481

0:00 / 0:00

Парламент Мәжілісінің су жаңа төрағасы депутаттарға халыққа жақын болуға кеңес берді. Кеше ғана мәжіліс спикері болып сайланған Ерлан Қошанов жұмысын депутаттарды тәрбиелеумен бастады. Спикер алдағы уақытта төменгі палата қандай міндеттерге басымдық беретінін айтты. Қазақстанды құру жолында парламентке зор жауапкершілік жүктеліп отырғанын атап өтті.

Еліміздің халыққалаулылары халықтың қамынан хабардар ма? Өңірлерді, ауыл-ауылды аралап, қара халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, шешімі табылмай жатқан мәселені шешуде ерен еңбек етіп жатқан Парламент депутаттарын жиі көресіз бе? Біздің біліумізше депутаттар жылына екі рет аймақтарды аралап, сайлаушыларының мәселесіне көңіл бөліп келген болады. Алайда, көп жағдайда мұндай сапарлар ресмиленіп, облыс орталығынан әрі аспаған сапармен шектеліп жатады. Ал жолы жоқ, байланыссыз отырған, өркениеті дамымаған ауылдарға депутат келіпті дегенді ести бермейсің. Бұл мәселені Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та аңғарған сияқты. Мемлекет басшысы "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" қағидасын бекіткені мәлім. Осыған орай жаңа төраға Парламенттегі бірініш жұмыс күнін депутаттарды тәрбиелеуден бастады. Енді мәжілісмендерге халыққа жақын болу үшін, Парламенттегі жұмсақ креслосында отыра бермей, аулы-аймақты аралап, көз ілмей жұмыс істеуге тура келеді.

Енді жұрттың мұқтажын біліп, заңдар қабылдау арқылы олардың көкейкесті проблемаларын шешу үшін депутаттар сайлаушылармен жылына екі рет ғана емес, жиірек кездесетін болады. Өздеріңізге мәлім, қаңтар оқиғасында халық шеруге шыққанда, төбе көрсеткен халыққалаулыларын көре алмадық. Тек маңғыстаулық депутаттар ғана көзге түскен еді.

Айтпақшы депутаттардың халықпен жұмысы көбейгенімен, айлықтары 5 жыл бойы өсейтін болады. Өздеріңізге мәлім, Президент депутаттардың, әкімдер мен министрлердің жалақысын өсіруге 5 жылға мораторий жариялаған болатын. Күні кеше осыған орай үкіметтің арнайы қаулысы да шыққан еді.

Осылайша әкімдер, министрлер және Парламент депутаттары жаңа Қазақстанды ескі жалақымен құратын болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.