0:00 / 0:00
Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары жетінші шақырылымның екінші сессиясының жұмысын аяқтап, каникулға кетті. Деутаттар екі ай демалыстың 15 күнінде аймақтарды аралап, қалған уақытын еңбек демалысына арнайды. Ал күзде халыққалаулыларын саяси реформаларды жүзеге асыратын жаңа заңдар қабылдау жұмысы күтіп тұр. Парламенттің бірлескен отырысында сессия жұмысын қорытындылаған Мәжіліс төрағасы Ерлан 127 заң жобасы түсіп, қаралып, оның 78-і қабылданды. Парламент қабылдаған заңдардың қазіргі уақытта 66-на президент қол қойып, заң күшіне енді деп мәлімдеді.
Парламенттің қос палатасы екінші сессиядағы жұмысын қортындылап, жазғы каникулға аттанды. Бүгін өткен бірлескен отырыста Мәжіліс төрағасы қаңтар трагедиясынан кейін депутаттардың жұмысы бұрынғыдан да белсенді болғанын айтты. Себебі қордаланған проблемаларды шешу үшін, жедел әрекет ету керек болды. Парламент палаталарының 4 бірлескен отырысы өтіп, мәжілістің 42 жалпы отырысында 271 мәселе қаралды. Сенаттың 42 жалпы отырысы өтіп, 148 мәселе қаралды.
Сондай-ақ, мәжіліс төрағасы үкіметтен келіп түскен заң жобалары да шикі, тұжырымдамасы дұрыс әзірленбеген болып жатады деп сынады. Ал депутаттар жолдаған сауалдарға келгенде үкімет пен мемлекеттік органдар немқұрайлық танытады. Яғни халықтың арыз-талабы айтылған сауалдарға министрліктер сырғытпа жауап қатып, құтылған. Ал бұл сессияда үкіметке 494 депутаттық сауал жолданған.
Енді екі айға каникулға аттанып отырған депутаттар оның 15 күнін аймақтарға барып, сайлаушыларымен кездесуге арнамақ. Ал одан әрі жайдары жаздың рахатын көріп, бірі шетелге шықса, енді бірі ішкі туризмді дамытуға үлес қоспақ. Ал кейбір депутаттар туған ауылына барып жатпақшы.
Осылайша, Парламент Сенаты мен Мәжілісі жетінші шақырылымның екінші сессиясының жұмысын аяқтап, каникулға кетті. Депутаттар әбден демалып, күш жинап, күзде Президент тапсырған саяси реформаларды жүзеге асыратын жаңа заңдарды талқылауға кірісіде.