Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ДЕПУТАТТАР ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРДІ?

c 22:15, 30/03/2023 c 150

0:00 / 0:00

Өздеріңізге мәлім, Парламент Мәжілісі көпшілік дауыспен Әлихан Смайыловты пермьер-министр қылып тағайындап алды. Дауыс беру барысында отырысқа қатысқан 97 депутаттың 82 –і Смайыловтың кандидатурасын жақтаса, 7-і қарсы болды, 8 депутат қалыс қалды. Қай депутат қарсы болды? кім қалыс қалды? кім қолдады?- деген сауалды мәжілісмендердің өздеріне қойған едік. Астаналық тілшіміздің бейнематериалынан.

Бұл жолғы дауыс беру нәтижесі мәжіліс қабырғасында көп жылдардан бері орын алмаған көрініс. Әдетте кез-келген ұсынысты бірауыздан қолдай салғанға үйренген көзіміз, дауыс беру нәтижесінде қарсы болып, қалыс қалып жатқандарды көргенде сұрақ туындады әрине. Әлихан Смайыловтың кандидатурасын премьер-министрлікке ұсынған Аманат партиясы, енді сол үікметтің жұмысы үшін жауапты екені мәлім. Егер министрлер кабинеті осалдық танытып, жолда сүрініп жатса, үкіметке сенімсіздік танытамыз дейді депутат Бейсенбаев. Ол әрине жақтап дауыс бергендердің қатарында.

Қарсы дауыс берген жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы фракциясының депутаттары екені мәлім. Әуесбаевтың айтуынша, үкімет алдына қойылған міндеттердің бірде біреуін орындамады.

Қарсы дауыс бергендердің қатарын бірмандаттылар мен Amanat партиясының өкілі толықтырды. Ринат Зайытов Смайыловтың кандидатурасына қарсылық білдірдім дейді.

Қарсы дауыс бергендердің бірі бірмандатты депутат Абзал Құспан бағаны реттей алмаған үкіметті қолдай алмадым дейді.

Ал бірінші күннен журналистерден қашып жүрген бірмандатты депутат Ардақ Назаров бұл жолы сұхбат беруді жөн санапты. Ол қалыс қалғандардың ішінде.

Жалпы сарапшылардың пікірінше, үкіметтің құрамы сәл-пәл өзгеруі мүмкін. Олардың Смайылов орнында қалады деген болжамдары расталды. Өздеріңізге мәлім, министрлер кабинетінде жақында ғана тағайындалғандары бірнеше.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.