Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ДЕПУТАТТАР ДЕМАЛЫСҚА ШЫҚТЫ

c 08:35, 01/07/2023 c 152

0:00 / 0:00

Парламенттің қос палата депутаттары жазғы каникулға шықты. Осылайша VIIІ шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясы өз жұмысын аяқтап, екі айға демалысқа кетті. Айта кету керек, депутаттар бірден 15 күн бойы өздері сайланған өңірлерді аралайды. Сайлаушыларына есеп беріп, барып жайдары жаздың рахатын көруге мүмкіндік туады.Бүгін өткен Парламент палаталардың бірлескен отырысында Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов 3 айда 82 заң жобасын қарап, соның ішінде 25-ін қабылданып, 13 заңға Президент қол қойғанын атап өтті. Депутаттар екі айлық каникулын қалай өткізеді? Бұл сұраққа тілшіміз Әселім Қалкен жауап іздеп көрген еді.

Парламенттің қос палатасы өз жұмысын қортындылады. Сегізінші шақырылым депутаттары маңдай терін төгіп, шаршап жұмыс істеп үлгерген жоқ. Бұл шақырылымның бірінші сессиясы 100 күнге ғана созылды. Бұл сессия барысында қос палатаның 3 бірлескен отырысы болды. Сенаттың 12 және Мәжілістің 15 жалпы отырысы болды. Парламенттің қарауында 82 заң жобасы келіп түссе, соның ішінде 25 –ін қабылдап, 13 заңға Президент қол қойды. Дегенмен, Мәжіліс төрағасы Үкіметпен бірлесіп жұмыс істеу барысында қиыншылықтар болғанын айтады. Халықтың мұқтажын қамтитын заң жобаларын ұсынуда министрлер кабинеті асықпай отыр дейді ол.

Үш ай жұмыс істеп, екі ай демалғалы отырған депутаттар ең алдымен өздері сайланған өңірлерді аралап, сайлаушыларымен кездеспек. Халыққалаулылары да жайдары жаздың рахатын көрмек. Біз сұхбат алған депутаттардың бәрі бірдей шетелге барып демалуға құлшынып отырған жоқ. Ринат Зайытовтың бұған депутаттық айлығы жетпейтін сияқты. Ол ел ішінде демалып, ет жеп қайтқанды жөн санап отыр. Енді бір пысықтары шетелге жолдаманы алып та қойған екен.

Сайлаудан соң, сегізінші шақырылымның құрамы да едуір өзгергенін білесіздер. Парламентте алты саяси партияның өкілі және бір мандатпен сайланған депутаттар отыр. Яғни әртүрлі көзқарастағы саяси күштердің заң жобасын талқөылауда, депутаттық сауал жолдауда пікір-таласқа түсетіні сөзсіз. Бұл шақырылым депутаттарында өзара бақталас болды ма? Шенеуніктермен жұмыс істеу оңай ға түсті ме?

Не керек,қос палатаның 25 минутқа созылған бірлескен отырысы аяқталып, бірінші сессияның жұмысы қортындыланды. Біз сұхбаттасқан депутаттар жазғы каникулын шегіртке құсап бекер өткізбей, құмырсқадай еңбекқорлық танытып, аймақтарды аралап, маңдай терді төгіп өткізбек. Әрине жеке бастың да демалысын жоспарлап қойған. Ал алдағы күзде Парламенттің атқаратын шаруасы жетерлік.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.