Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ДЕПУТАТ ЖУРНАЛИСТЕРДІ ҚОЛТЫРАУЫНҒА ТЕҢЕДІ

c 18:24, 10/05/2023 c 140

0:00 / 0:00

Парламент Мәжілісінің депутаты Самат Нұртаза әлеуметтік желідегі парақшасында журналистерді «қолтырауынға» теңеп, пікір жазамын деп, басы дауға қалды. Мәжіліс дәлізінде депутаттарды күтіп тұрған БАҚ өкілдерінің суретін салып, журналистерді зебралар мен гнуларды өзеннің таяз жерінде торуылдап аңдитын қолтырауындарға теңеп, адамдар әлемі мен хайуанаттар әлемінің ұқсастығы баршылық деп пікір қалдырған. Депутаттың жазбасын көрген тілшілер, бұл сұрақты оның өзіне қойып, палат төрағасының депутаттың этикасына қатысты пікірін білген едік.

Атың шықпаса, жер өрте деген. Бүгін Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза фейсбук желісіндегі парақшасында журналистерді жемтігін аңдыған «қолтырауынға» теңеп, басы дауға қалды. Ол Парламент дәлізінде депутаттарды күтіп тұрған БАҚ өкілдерінің суретін салып, журналистерді зебралар мен гнуларды өзеннің таяз жерінде торуылдап аңдитын қолтырауынға теңеп, адамдар әлемі мен хайуанаттар әлемінің ұқсастығы баршылық деп пікір қалдырған. Оның мұндай пікір жазуына не себеп болғанын, өзінен сұраған едік. Депутат мырза, адамдар мен жануарлар әлеміне қатысты айтылған философиялық теңеу болатын. Ол үшін кешірім сұраймын, қалжыңдадым деп ағынан жарылды.

Депутаттыққа дейін, блогер ретінде танылып келген Нұртаза мырза жоғарғы заң шығарушы органда отырып, бұл жердің қалжыңдайтын алаң емес екенін түсінбей жүрген сияқты. Мәжілісменнің қалжыңының астары бар екен. Оның журналистерге реніші де жоқ емес.

Ал әлеуметтік желідегі жазбасын, журналистердің ашуынан сескенді ме? Бірден алып тастапты.

Енді қылжақбас Самат Нұртазаның мәселесін депутаттың этикасына қатысты кеңес қарауы керек пе деген сұрақ туындайды. Палата төрағасы Ерлан Қошанов, әріптесіне ескерту жасалатынын айтты.

Осылайша өзін блогертектес депутатпын дейтін Нұртаза әлеуметтік желіде де кешірім сұрап, бұл енді өзі үшін сабақ болатынын жазыпты. Жалпы сегізінші шақырылымның кейбір депутаттары Парламент табалдырығын аттағалы шулатып жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.