Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Дені саудың жаны сау

c 17:06, 21/10/2019 c 620

0:00 / 0:00

Облыстық көпбейінді аурухана базасына  мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бағдарламасы аясында жаңа ас дайындау орыны пайдалануға берілді. Ал осы уақытқа дейін емделушілерге ас пісірліген орын 1960-шы жылы салынғаннан бері ешқандай жөндеу көрмеген. Бұл іске кіріскен кәсіпкер болса, құрылыс жұмыстарына шамамен  бір жылға жуық уақыт кетті дейді. Басы ауырып балтыры сыздағандардың жағдайын оңалтуда тағамның сапалы дайындалуы аса маңызды. Осы орайда мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті  аясында  әбден тозығы жеткен ас дайындау орынын жаңғыртуды қолға алған кәсіпкер - Ляна Тұрсынова бастапқыды әбден ескірген ғимаратты толықтай сүріп тастауды жоспарлағанын айтады. – Ас үй өте ескірген. Мүлде жөндеуден өтпеген. Ал бұл орында қалай  науқастарға тамақ дайындалғанын елестете алмадым. Бір қарағанда ескі ғимаратты толықтай бұзып қайта салу ыңғайлы секілді көрінді. Бірақ құрылысшылармен өзге де сала мамандарымен ақылдаса келе жөндеу жұмыстарын жасауды шештік.  Тамыз айынан бері науқастарға 6 мезгіл тамақ пісіріледі. Жаңа жұмыс орны бірнеше жұмысшымен толықты ,- деді Ляна Алексеевна. Нысанның жертөлесінен бастап күрделі жөндеу жүргізілген.  Бүгінде 16 қызметкер екі ауысымда  жұмыс жасайды. Жобаның жалпы құны -133 млн. теңге. Алайда құрылысты жаңғырту мен  қажетті техникаларды жаңартуға - 102 млн.  теңге жұмсалып,  қазына қаржысы 31 млн. теңгеге үнемделген. Бұдан бөлек  аталмыш бағдарлама аясында өңірде   медицина саласында бірнеше жоба жүзеге асырылуда. Былтыр облыстық көпбейінді ауруханаға магниттік-резонанстық томография құрылғысы сатып алынса,  биыл қалалық көпбейінді ауруханаға ангиограф және Ақжайық аудандық орталық ауруханаға  компютерлік томогроф құрылғысы мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті  аясында алынған.

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.