Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Дебатқа 47,9 миллион теңге бөлінді

c 09:33, 18/12/2020 c 848

0:00 / 0:00

Сайлау алдындағы саяси партиялардың телевизиялық пікір-сайысына қазынадан 48 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінді. Партия серкелерінің дебаты  «Хабар» телеарнасында тікелей эфирде өтеді. Орталық сайлау комиссиясы  партия өкілдеріне бірдей мүмкіндік беріледі деп сендіріп отыр. 30 желтоқсанда өтетін теледебатқа саяси партиялардан кімдер қатысатыны мәлім болды.

Жаңа жыл қарсаңында қазақстандықтар теледидардан дәстүрлі концерттер мен фильмдерді ғана емес, саяси партиялардың пікір-сайысын тамашалайтын болады. Теледебат желтоқсанның 30 күні өтпек.  Бір аңғарғанымыз Орталық сайлау комиссиясы бұл сайлау науқанына әбден дайындалған сияқты. Тіпті 30 жыл бойы еш өзгерссіз тұрған ғимаратын мықтап, темір тормен қоршап қойған. Ал Орталық сайлау комиссиясының отырысына   телеоператорлар ғана  қатыса алды. Журналистерге онлайн бақылауға тура келді, оның өзінде сұрақ қою уақыты шектеулі болды. Ал «Хабар» телеарнасында өтетін саяси партиялардың 80 минуттық пікір-сайысына  қазынадан 48 миллион теңгеге жуық қаржы бөлініп отыр.

Отырыс барысында теледебатқа қатысатын партяи өкілдерінің аты-жөні мәлім болды. Нұр Отаннан партия төрағасының орынбасары қатысса, Адалдықтар да көшбасшысын емес, партия мүшесін ұсыныпты.

Айта кету керек, теледебатқа қатысушыларға қойылатын талаптар да жоқ емес. Саяси пікір-талас кезінде, дебатқа қатысушылардың сөзін бөлуге немесе оның сөзіне қатысты пікір айтуға рұқсат етілмейді. Партия өкілдеріне теледебат барысында бірін-бірі балағаттауға болмайды. Пікір-сайыс үш бөлікке бөлінеді. Біріншісі- «Қазақстанның экономкиалық дамуы». Қатысушылар осы тақырып бойынша бір-біріне сұрақ қойып, жауап алмасады. Әр қатысушыға екі сұрақтан қоюға болады. Теледебаттың екінші бөлімінде- «Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты» тақырыбы талқыланса, үшінші бөлімінде партия өкілдері сайлаушыларына үндеу жолдайды.

Еске сала кетейік, өткен жолғы теледебаттарда аталмыш арна тура осындай ережені бекіткен болатын. Алайда, әлеуметтік желіде «өткір пікір-сайыс болмады, бейне бір  балабақшада өткен ертеңгілік сияқты»-  деп сыналған болатын.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.