0:00 / 0:00
Ресейлік журналист Тигран Кеосаянның даулы мәлімдемесі қазақстандықтардың ашуын тудырып отыр. Еске сала кетейік, Кеосаян 24 сәуірде ресейлік бағдарламаларының бірінде қазақстандықтар "Украинадағы жағдайға мұқият қарап, сабақ алуы тиіс, ал Ресейдегі жауапты тұлғалар екі ел арасындағы өзара қарым-қатынасты қайта қарауы керек»- деген. Сондай-ақ, ол Қазақстанда 9 мамырда шеру өтпейтінін саясиландырған. Ресейлік журналистің бұл мәлімдемесінен соң Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Тигран Кеосаянның елге кіруіне тыйым салынуы мүмкін деп мәлімдеді. Осыған орай ел сенаторларының пікірін білген едік.
Кейбір ресейлік саясаткерлердің тарапынан Қазақстанға қатысты негізсіз мәлімдемелер жасау жиілеп кетті. Бұған ит үреді, керуен көшеді деп мән берілмей келгенді. Яғни Бұл Ресейдің ресми ұстанымы болмағандықтан біздің билік те назар аудармады. Алайда, бұл жағдай тағы қайталанып отыр. Оның үстіне геосаяси жағдай ушығып тұрғанда ресейлік журналист Тигран Кеосаянның даулы мәлімдемесі қазақстандықтардың ашуын тудыруда. Еске сала кетейік, Кеосаян 24 сәуірде ресейлік бағдарламаларының бірінде қазақстандықтар "Украинадағы жағдайға мұқият қарап, сабақ алуы тиіс", ал Ресейдегі жауапты тұлғалар екі ел арасындағы өзара қарым-қатынасты қайта қарауы керек деген. Сондай-ақ, ол Қазақстанда 9 мамырда шеру өтпейтінін де саясиландырған.Әлеуметтік желіде оған қарсы ойларын жариялап жатқандар қаншама. Мысалы, қазақстандық заңгер Айман Омарова Кеосаянды нон-грата деп танып, Қазақстанға кіргізбеу керек деп пікір қалдырған. Қазақстанның мәдени саласындағы белгілі өнер майталмандары, қоғам белсенділері де ресейлік журналистің негізсіз мәлімдемесіне қарсы ойларын айтқан. Ал еліміздің сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров "Ресейлік журналист Тигран Кеосаянның намысқа тиетін объективті емес мәлімдемесі назар аудартады. Мұндай мәлімдемелер екі ел арасындағы тату көрші қатынасқа зиянын тигізіп, стратегиялық әріптестікті жақтамайтындардың сойылын соғады. Ол Қазақстанға кіргізілмейтін адамдардың тізіміне енгізілетін болар" деп мәлімдеді. Сенатор Күрішбаевтың пікірінше, бұл тым жұмсақ жаза.
Депутат Мұхтар Құл-Мұхаммед Кеосаянның бұл мәлімдемесін «арандатушылық» деп бағалап отыр.
Ал Қазақстанның 9 мамырда әскери шеру өткізуден бас тартуынан саяси астар іздеу санаға сыймайды. Қазір шеру өткізетін жағдай емес дейді ол.
Бұған дейін наурыз айында Мәскеу қалалық думасының депутаты Сергей Савостьянов денацификалау және демилитаризация аймағына Украинадан бөлек Балтық жағалауы елдері, Молдова және Қазақстанды қосуды ұсынған болатын.