Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ДӘРІГЕРДІҢ КІНӘСІ

c 10:07, 22/12/2022 c 228

0:00 / 0:00

Дәрігер науқастың денсаулығына абайсызда орташа әрі ауыр зиян келтірген жағдайда оған салынатын айыппұл мөлшерін белгілеу және қамауға алу мерзімін азайту қарастырлып отыр. Дәрігердің жазасын жеңілдтеуге арналған тииісті заң жобасын бүгін мәжіліс депутаттары талқылап, мақұлдады. Құжатта науқастың денсаулығына ауыр зиян келтіргенде немесе қайтыс болғанда, жазаның мерзімдерін қайта қарай отырып, «бас бостандығынан айыру» жазасын «бас бостандығын шектеуге» ауыстыру ұсынылып отыр.Бұл өзгерістер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына енгізілді.

Мәжіліс дәрігердің жазасын жеңілдтеуге арналған заң жобасын талқылады. Заң жобасында абайсызда денсаулыққа орташа және ауыр зиян келтіргені үшін айыппұл сомасы мен қамауға алу мерзімін қысқарту ұсынылды. Науқастың денсаулығына ауыр зиян келген немесе қайтыс болған жағдайда бас бостандығынан айыру жазасын бас бостандығын шектеуге ауыстыру қарастырылған.

Сондай-ақ, 317 бап бойынша қателік жасаған дәрігерді соттамау да ұсынылды. Алайда, прокуратура бұған үзілді-кесілді қарсылық білдірді. Ал жазасын жеңілдету дәрігерлердің жауапкершілігін төмендетіп жібермей ме?

Аталмыш жоба пациенттердің құғыны қорғайды деп санайды министр Ғиният. Мұнда дәрігердің кінәсінен зардап шеккен науқасқа өтемақы төлеу қарастырылып отыр.

Министр айтқандай 2018-2020 жылдары жеке және заңды тұлғалардан 14 мыңнан астам шағым түскен. Алайда, оның ішінде тек 300-і бойынша ғана іс қозғалады. Бұл ретте көбінесе хирургиялық бейіндегі мамандарға қатысты қайғылы жағдай көп орын алады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.