Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«БЮДЖЕТТІ ӨЗГЕРТУ ҚИЫН»

c 17:10, 11/12/2023 c 67

0:00 / 0:00

Маслихат дегеніміз жергілікті жердегі шағын Парламент. Мәжіліс пен сенат депутаттарынан айырмашылығы, маслихат депутаттары жалақы алмайды. Бұл олардың қоғамдық жұмысы болып табылады. Яғни маслихат депутаттары үшін бұл болашақта бұйырып жатса Парламент депутаттығына салынған сара жол. Жергілікті маслихаттың жасап жатқан қызметі көп жағдайда қоғам назарынан қалып қойып жатады. Осылайша маслихат жұмысын қоғам мен БАҚ-тан жасыратын сияқты. Басты проблеманың бірі - қоғам үшін ашық жариялануы тиіс ақпараттар легін мемлекеттік орган жоқ жерден жасырып отырады. Қолында бар билікті пайдаланып ақпаратқа қолжетімділікті шектеп отырғандары қуантпайды әрине.

ДИАНА ОКРЕМОВА «ПРАВОВОЙ МЕДИА-ЦЕНТР» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ «Заң бойынша қандай ақапрат ашық? Қай ақпарат бізге жетуі керек? Қандай ақпаратқа шектеу бар? Олар фейк тарамауы үшін жасырмай ресми ақпарат беріп отыруы керек. Депутаттар мен мемлекеттік органдар ақпаратты жасырып отырғангдар фейктер мен қауесеттер тез тарап кетеді. Ал халыққа ашық ақпарат керек».

Депутаттар халықтан нені жасырып отыр? Қазақстанда мемлеекттік органдардың ашықтығы өте төменгі деңгейде. Көптеген маслихаттар әлі күнге дейін ашығын айтатын ақпаратты жасырады. Мысалы, өз бюджеттері жайында мәліметке келгенде құпиялық сақталады. Жергілікті депутаттары әкімдіктің отырыстарында маслихат аппаратынан аса алмаймыз деп отыр.

ЕВГЕНИЙ КИНЦЕЛЬ «АQ JOL» ҚДП СҚО МАСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ «Маслихаттардың сессиясы жабық өтеді. Онда ешбір сұрақ ашық талқыланбайды. Депутаттарға комиссияда талқылаңдар дейді. Ал БАҚ –ры отырған сессияда ашық талқыламаңдар дейді. Бұл дұрыс емес ғой. Талқылау ашық болуы керек. Тіпті бюджетті де өзгерте алмаймыз. Әкімдік дайынын береді, соған дауыс береміз. Өкінішке орай сайлаушылар депутаттардың жұмысын көрмей отыр. Депутатар маслихат аппаратынан аса алмайды. Барлық сұрақты депутаттар емес, аппарт шешеді. Олар депутаттарға тауелді емес. Себебі, бұлар мемлекеттік шенеуніктер. Олар БАҚ-пен жұмыс істегісі келмейді. Сондықтан «Ақ жол» партиясы маслихат аппаратының қызметкерлерін тағайындамай, өзіміз сайлауымыз керек деп ұсындық».

Әлі күнге дейін маслихаттың журналистермен жұмыс істеуі бір жолға қойылмаған. Салдарынан қоғамда жергілікті жерлердегі халық сайлаған маслихат депутаттары құпия істермен ғана айналысады деген ой қалыптасады. Халықпен қоян-қолтық жұмыстың жоқтығы, БАҚ үшін ашық ақпарат бермеудің салдарынан маслихат депутаттарының абыройы да артпай отыр. Себебі олар әкімдіктің айтқанын шыға алмай, бас шұлғып отыра береді дейді сарапшылар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.