Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бүлдіршіндер жүгіруден бақ сынады

c 15:35, 07/06/2021 c 585

0:00 / 0:00

Оралда 1-мамыр халықаралық балаларды қорғау күніне орай жүгіру марафоны өтті. Оған 300-ден астам оралдық бүлдіршін қатысты. Кішкентай спортшыларға арналған спорттық сайыс туралы толығырақ келесі сюжетте.

Облыс орталығында жас спортшылар жексенбіде таңмен таласа тұрып, марафонға қатысып, самал желмен таласа жүгірді. Бұл шара балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылды. Бүлдіршіндер жас ерекшелігіне байланысты түрлі арақашықтықты бағындындырды. Жарысқа 300-ден астам бала қатысты.

Оралда тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған жарысты көруге келгендердің қарасы қалың болды. Олардың бірі санитарлық нормаларды қатаң сақтауға тырысса, енді бірі қызды-қыздымен әлеуметтік арақашықтықты сақтауды ұмыт қалдырғандай.

Баласы атқа мінсе, тақымын қысқан ата-аналар кішкентай жүлдегелердің алғашқы жетістіктеріне куәгер болып, қуаныштары қойындарына сыймады.

Жарысқа қатысқан бүлдіршіндер медальдармен және түрлі сыйлықтармен марапатталды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.